13.02.2015, 21:59 4300

ШҚО-да жол апатынан үш бала жарақат алды

Шығыс Қазақстанда "Өскемен - Шемонаиха" тас жолында жол апатынан бір әйел және үш бала зардап шекті, оныӊ ішінде екі айлық бала бар

Астана. 13 ақпан. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстанда "Өскемен - Шемонаиха" тас жолында жол апатынан бір әйел және үш бала зардап шекті, оныӊ ішінде екі айлық бала бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Березовка ауылынан екі шақырым жерде болған. Nissanкөлігін жүргізіп келе жатқан 35 жастағы әйел рөлге ие бола алмай, "УАЗ" автокөлігімен соқтығысады. Салдарынан иномарканыӊ төрт жолаушысы - үш бала мен олардыӊ анасы жарақат алған, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

"Біздіӊ қызметкерлер жолаушылар қауіпсіздік белдігін тақпағанын анықтады. Көліктіӊ артқы орындығында отырған әйел екі айлық қызын қолында ұстап отырыпты. Көлікте тағы кәмелетке толмаған 8 және 14 жастағы екі бала болған. Олардыӊ бәрі жарақат алды", - дейді ШҚО ІІД Икімшілік полиция басқармасыныӊ аға инспекторы Ақгүл Атудинова.

Жолаушы әйелдіӊ қабырғасы сынған, екі айлық қыздыӊ омыртқасына зақым келіпті. Ал қалған екі бала басынан жарақат алған.

Иномарка жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны