10.04.2015, 22:11 3940

ШҚО-ныӊ тұрақтандыру қорына 10 мыӊ тоннаға жуық азық-түлік өнімдері сатып алынады

Азық-түлік өнімдерін сатып алуға байланысты өткен жиналыста 2015-2016 жылдардағы маусымаралық кезеӊде 5,5 тонна картоп, 1,6 тонна қырыққабат, 2 мын тоннаға жуық пияз бен сәбіз, 270 тонна қызылша сатып алу жоспарланғаны айтылды

Астана. 10 сәуір. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысыныӊ аймақтық тұрақтандыру қорына 9 700 тонна азық-түлік өнімдері сатып алынатын болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Азық-түлік өнімдерін сатып алуға байланысты өткен жиналыста 2015-2016 жылдардағы маусымаралық кезеӊде 5,5 тонна картоп, 1,6 тонна қырыққабат, 2 мын тоннаға жуық пияз бен сәбіз, 270 тонна қызылша сатып алу жоспарланғаны айтылды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Өскемен қаласыныӊ тұрақтандыру қорыныӊ ауқымы 4 мыӊ тонна болса, Семей қаласына 5,7 мыӊ тонна өнім алынбақ.

"Өнімдерді сатып аларда оныӊ бағасы мен сапасына мән беру қажет. Сонымен қатар, өнімді жеткізушініӊ тұрғылықты жері туралы шектеу алынып тасталу керек. Былтыр 100 шақырым қашықтытағы жергілікті өнім алу туралы талапқа байланысты көптеген ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер сатып алуларға қатыса алмады", - деді Даниал Ахметов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны