Система Orphus

Шошқа тұмауы шошқаның етін жеуге байланысты таралып отырған жоқ - Қазақстандағы АҚШ елшілігі

30.04.2009, 15:47 4051

Астана. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Шошқа тұмауы шошқаның етін жеуге байланысты таралып отырған жоқ. Бұл туралы Қазақстан дағы АҚШ елшілігі таратқан мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Мейлі АҚШ, мейлі әлемнің басқа қандай да елі болмасын, доңыздардың H1N1 тұмауымен ауыру оқиғасы тіркелген емес",- делінген мәлімдемеде.

"28 сәуірдегі жағдаймен, АҚШ-тың аурулардың алдын алу және бақылау орталықтарының мәліметінше, АҚШ-та адамдардың H1N1 вирусы қоздырған тұмау жұқтыруына қатысты 64 оқиға дәлелденген. H1N1 вирусы қоздырған тұмау адамнан адамға жұғады. АҚШ-та дәлелденген оқиғалардың арасында адамның шошқамен қарым-қатынасынан ауру туындау оқиғасынен біреу де тіркелген емес",- делінген хабарламада.

Сол себепті елшіліктегілер Қазақстан мен АҚШ арасындағы ет өнімдерінің саудасы тез арада қайта жанданады деген сенімде. "Біз Қазақстанның ветеринарлық билігінің алаңдаушылығы мен абайлық сақтауын түсінеміз. Біз барлық туындаған сұрақтарға жауап беру үшін Қазақстандық әрептестермен етене жақын жұмыс істеп жатырмыз. Адамдар мен жануарлардың денсаулығына туатындай қатер болмағандықтан, шошқа тұмауына байланысты алаңдаушылықпен АҚШ-тан доңыз немесе басқа да ет өнімдерінің түрлерін импорттауға шектеу қоюға ешқандай негіз жоқ", - делінген мәлімдемеде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны