21.04.2016, 17:36 3899

Шоу-бизнес жұлдыздары салық төлемеу үшін табысын төмен көрсеткен

Баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, шоу-бизнес пен концерттік бағдарлама аясында кәсіпкерлікпен айналысқан тұлғалар өз табыстарын қасақана төмендетіп көрсеткен

Алматы. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы салық департаменті шоу-бизнес өкілдеріне салық сала бастады. Бұл туралы қалалық Мемлекеттік кіріс департаментініӊ баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, шоу-бизнес пен концерттік бағдарлама аясында кәсіпкерлікпен айналысқан тұлғалар өз табыстарын қасақана төмендетіп көрсеткен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Жыл басынан бері Айқын, Ернар Айдар, "Шаншар", "Алдараспан" театрларыныӊ концерті, сондай-ақ шетелдік Полина Гагарина, Павел Воля, Вячеслав Бутусовтыӊ концерттеріне салықтық тексеру жүргізілді.

Олардыӊ көбі шын мәнінде тапқан табысын 10 есе төмендетіп көрсеткен", - деді баспасөз қызметінен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны