27.06.2006, 17:36 2947

Щучинск қаласында қазіргі заманғы әділеттілік проблемаларына арналған халықаралық бас қосу өтуде

ЩУЧИНСК. 27-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін Щучинск қаласында “Қазіргі заманғы әділеттілік проблемалары” атты үш күндік халықаралық бас қосу басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Судьялар қоғамның құқықтық элитасына айналуға тиіс”,- деді форумда сөз сөйлеген ҚР конституциялық кеңесінің төрағасы И.Рогов. “Бұны әділеттілік органдарының көмегімен адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету құралы деп қарау керек. Демек, “құқықтық мемлекет” ұғымын нақты мазмұнмен байыту деген сөз”,- деді ол.

И.Роговтың пікірінше, судьялардың мәртебесін көтеруге шаралар қолданып, олардың материалдық-техникалық қамтамасыздық деңгейін көтеру қажет. “Бір жағынан судьялардың кәсіби біліктілігі мен олардың моральдық бейнесіне қойылатын талаптарды күшейту қажет”, деді ол.

Бас қосуға президент әкімшілігінің, парламент мәжілісінің, Жоғарғы соттың, ТМД мен Германияның сот төрешілері қоғамдастықтары мен судьялары өкілдері қатысуда.
Бас қосуда меншік құқығын қорғау, сот және арбитраж шешімдерін өзара атқару проблемалары, экономика саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілік, әкімшілік юстицияны дамыту мәселелерін талқылау жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны