20.01.2015, 20:36 4759

Шу маӊында ұшақ құлады

Жамбыл облысыныӊ аумағында "Қазақмыс" компаниясы "БалқашЦветМет" мекемесіне тиесілі АН-2 ұшағы апатқа ұшырады

Тараз. 20 қаӊтар. Kazakhstan Today - Жамбыл облысыныӊ аумағында "Қазақмыс" компаниясы "БалқашЦветМет" мекемесіне тиесілі АН-2 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға орнында 5 адамныӊ жансыз денесі табылды. Ал 1 адам ауыр халде Шу аудандық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды khabar.kz тілшісі.

"Қазақмыс" компаниясыныӊ баспасөз қызметініӊ мәліметі бойынша, әуе кемесінде 6 адам болған. Оныӊ үшеуі - экипаж мүшесі. Қалғандары мекеме қызметкерлері. Ұшақ Балқаш қаласынан Шу ауданындағы Шатыркөлге бағыт алған. Ал апат Шу қаласынан 60-70 шақырым жерде Сәткүл көлініӊ маӊында болды. Қазір арнайы комиссия тобы құрылып, жұмыс жүргізіп жатыр. Изірге оқиғаныӊ себебі анықталған жоқ. Бұл қайғылы жағдай біздіӊ осы өӊірдегі тілшілеріміздіӊ бақылауында. Алдағы жаӊалықтарымызда тағы толығырақ хабарлайтын боламыз.

Сейсенғали Ақбаев, Шу қалалық ауруханасыныӊ бас дәрігері -1986 жылғы Балқаш қаласында тұрады. Қазіргі жағдайы есінде. Бірақ халі өте ауыр. Закрытый перелом левой долиный. Сотресение головного мога. Травматический шок третей степени. Изірге осындай диагноз. Қазір тағы да ары қарай заниматся етіп жатырмыз. Іш құрылысын бәрін тексереміз. Бұл предварительный диагноз.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны