27.08.2007, 16:19 2987

Шүкеев - вице-премьер, Мыңбаев - энергетика министрі болып тағайындалады - ақпарат көзі

Агенттікке үкіметтегі ақпарат көзінің хабарлауынша, үкімет басшысының орынбасары болып Өмірзақ Шүкеев (қазір Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі), энергетика және минералды ресурстар министрі болып Сауат Мыңбаев ( "Самұрық" мемлекеттік холдингінің басшысы) тағайындалады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 27 тамыз. АСТАНА. Агенттікке үкіметтегі ақпарат көзінің хабарлауынша, үкімет басшысының орынбасары болып Өмірзақ Шүкеев (қазір Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі), энергетика және минералды ресурстар министрі болып Сауат Мыңбаев ( "Самұрық" мемлекеттік холдингінің басшысы) тағайындалады.

Сондай-ақ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі орынтағына Бердібек Сапарбаев (қазір экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары) жайғасады деп күтілуде. Ал Қанат Бозымбаев "Самұрық" мемлекеттік холдингінің басшысы болып тағайындалады . Ол бүгінге дейін "KEGOC" АҚ президенті болған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны