02.10.2020, 21:14 8612

ШЫҰ қатысушы мемлекеттердің әскери оқу-жаттығуларының құрамы жаңа әскерилермен толықты

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің әскери оқу-жаттығулары географиясының кеңеюіне байланысты: қатысушылар құрамына Үндістан мен Пәкістан қосылатын болады.

Алматы. 2 қазан. Kazakhstan Today - ШЫҰ қатысушы мемлекеттердің әскери оқу-жаттығуларының құрамы жаңа әскерилермен толықты.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің әскери оқу-жаттығулары географиясының кеңеюіне байланысты: қатысушылар құрамына Үндістан мен Пәкістан қосылатын болады.

ҚР Парламенті Сенаты отырысы барысында "2007 жылғы 27 маусымдағы бірлескен әскери оқу жаттығуларды өткізу туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын қолдады. Аталған Хаттаманың күшіне енуі үшін келісімге қол қойған мемлекеттер: Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерімен ратификациялануы тиіс.

Осылайша Үндістан мен Пәкістан ұйымға мүше мемлекеттердің аумағындағы бірлескен әскери оқу-жаттығуларына қатысу, сондай-ақ өз аумақтарында ШЫҰ аясында лаңкестікке қарсы бірлескен әскери оқу-жаттығуларды өткізу үшін келісімге қосыла алады.

Жоғарыда көрсетілген келісім 2007 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан мемлекеттері арасында қолданыста екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар, осы ұйым шеңберінде бірлескен әскери оқу-жаттығулар, лаңкестікке қарсы "Бейбіт миссия" оқу-жаттығуы өтеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны