16.01.2020, 14:16 16254

"Шығыс Қазақстан облысының туристік ақпараттық орталығы" КММ басшысы сотталды

Олар жанар-жағармай талондарын есептен шығару және азаматтарды жұмысқа орналастыру жолы арқылы ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген болатын.

Алматы. 16 қаңтар. Kazakhstan Today - "ШҚО туристік ақпараттық орталығы" КММ басшысы сотталды.

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "ШҚО туристік ақпараттық орталығы" КММ басшысы С.Рамазанов пен аталған орталықтың бас есепшісі Г.Ислямоваға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша тергеуді аяқтады.

Олар жанар-жағармай талондарын есептен шығару және азаматтарды жұмысқа орналастыру жолы арқылы ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген болатын.

Ағымағы жылдың 10 қаңтарында Өскемен қалалық № 2 сотының үкімімен аталған тұлғалар ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға: С.Рамазановқа - 2 жыл бас бостандығынан айыру түрінде; Г.Ислямоваға - 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны