18.11.2020, 17:18 8959

Шығыс Қазақстанда облыстық мәслихаттың кезектен тыс қырық үшінші сессиясы өтті

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс қырық үшінші сессиясында депутаттар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобалары бойынша бұрын қабылданған бірқатар мемлекеттік міндеттемелерге өзгерістер енгізу туралы бірауыздан шешім қабылдады.

Алматы. 18 қараша. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстанда облыстық мәслихаттың кезектен тыс қырық үшінші сессиясы өтті.

Кеңес жұмысына өңір басшысы Даниал Ахметов, облыстық мәслихат хатшысы Владимир Головатюк қатысты.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс қырық үшінші сессиясында депутаттар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобалары бойынша бұрын қабылданған бірқатар мемлекеттік міндеттемелерге өзгерістер енгізу туралы бірауыздан шешім қабылдады.

Бұл өзгерістер аталған бағдарлама аясында қызмет ететін мектепке дейінгі балалар мекемелерінің жұмысын жүзеге асыруға бағытталған 2019-2020 жылдардағы мемлекеттік міндеттемелерді азайту қажеттілігіне байланысты.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Ұлақова атап өткендей, қаражат мөлшері балабақшаларға барған балалар санының және нақты түскен төлемдердің көлемі кемігендіктен азайып отыр. Мәселен, 2019 жылы үнемдеу 87 млн.теңгеден астам болса, биыл - 235,8 млн. теңгені құрады. Айта кетейік, аймақта көктемнен бастап КВИ пандемиясына байланысты бірқатар шектеу шаралары енгізілген.

Бұдан бөлек, Өскемен қаласында Өтепов көшесі 14 мекен-жайында орналасқан балабақшаны пайдалануға беру мерзімінің өзгеруі де ықпал еткен. Сондай-ақ, сессияда өткен жылдың желтоқсан айында ШҚО мәслихаты қабылдаған "2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралды. Осы ретте ел Үкіметінің 2020 жылғы 6 қарашадағы қаулысына сай республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер мен несиелер түсімінің жалпы сомасы 10 790,1 млн.теңгеге азайғандығын атап өткен жөн.

Депутаттар сонымен қатар шектеу шаралары кезінде өңір кәсіпкерлерінің жұмысына қатысты мәселе көтеріп, облыс әкіміне осы жағдайды шешуге көмек көрсетуге өтініш білдірді.

- Қазіргі уақытта өңірде шектеу шаралары енгізілген. Ең алдымен халықтың денсаулығын сақтау маңызды. Облыс аумағында вирустың таралу деңгейін ескерер олсақ, аздап шыдамдылық таныту қажет, - деп қорытындылады аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны