19.09.2019, 18:48 20338

Шығыс Қазақстанда өрт қауіпсіздігі айлығының 1-кезеңі аяқталды

Аталмыш шара шеңберінде өрт сөндірушілер аз қамтылған көпбалалы отбасылары, мүмкіндіктері шектеулі балалар және атаулы әлеуметтік көмекке зәру жалғызбасты азаматтар тұратын үйлердің тізімін жасады.

Нұр-Сұлтан. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстанда өрт қауіпсіздігі айлығының 1-кезеңі аяқталды.

Аталмыш шара шеңберінде өрт сөндірушілер аз қамтылған көпбалалы отбасылары, мүмкіндіктері шектеулі балалар және атаулы әлеуметтік көмекке зәру жалғызбасты азаматтар тұратын үйлердің тізімін жасады. Облыс бойынша халықтың әлеуметтік әлсіз топтары тұратын барлығы 11 мың үй есепке алынды.

Өрт сөндірушілердің міндеті олардың жағдайын ғана біліп қоймай сондай-ақ бүкіл жылыту маусымында бақылауда ұстап, үнемі қадағалап және өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша нұсқаулық беру болып табылады.

Өткен айда ШҚО ТЖ департаментінің инспекторлық құрамы әр ауланы қарап шықты, оның саны шамамен 5200 асады, бұл дегеніміз есепке алынғандардың 40 пайызы. Үйлерді аралау кезінде өрт сөндірушілер өрт қауіпсіздігі талаптарына сай емес 3500 бұзушылық анықтады, бұл жалпы үйлердің әр 2-ші үй. Бұзушылықтардың көбісі жылыту жүйесі және электр техникалық желілер мен құралдарды пайдаланумен байланысты. Азаматтық қорғау қызметкерлері тұрғындарға кемшіліктерді қалай жойып, пешті дайындау және жылыту кезінде қалай қадағалау керектігі туралы айтып, түсіндірді. Улы газбен уланудың алдын алу және тәуекелдерді төмендету мақсатында ШҚО ТЖД "Қазмырыш" ЖШС және ШҚО әкімдігі арасындағы меморандум шеңберінде жылдың соңына дейін аз қамтылған және көпбалалаы отбасыларына улы газды хабарлағышты сатып алып, орнатуды жоспарлаған.

Семейде аталмыш жұмыс жүргізілуде. Жергілікті атқарушы орган қолдауға зәру жеке үйлерге арналған 267 улы газдың хабарлағышын сатып алды. Бір айда 30 сигнализатор орнатты.

ШҚО ТЖД отпен және өрт қауіпті заттармен аса сақ болуды ескертеді, себебі сыртқы ауа температурасы төмендеген кездегі қауіп көзі - бұл пеш, газ және электр жабдықтары.

Үйдегі өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігінің қиын емес ережелерін сақтау қажет:

- жанып жатқан пештер мен қосулы тұрған электр құралдарын қараусыз қалдырмау;

- балалар мен отбасындағы іс-әрекетсіз мүшелеріне жылыту және қыздыру құралдарын қадағалауға жол бермеу;

- пештің артық қызуын болдырмау;

- бірнеше қуатты электр құралдарын бір уақытта қосып, сымға артық жүктеме салмау;

- электр құралдарын тек қана нұсқаулық бойынша пайдалану;

- қолдан жасалған қыздырғыштар мен өзге электр құралдарын пайдаланбау;

Автокөлік иелері көлігіңіздің өртеніп кетпеуі үшін оны қыздырғанда қадағалап және рұқсат етілген тәсілдерді (ашық от, қыздыру шамын қолданбай) ғана пайдалануы қажет.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны