07.03.2019, 18:38 27537

Шығыс Қазақстандағы тексерілетін объектілердің өрт қауіпсіздігі ерекше бақылауда

Надежданың үстелінде "аспаз" кітабының орнында Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламент, Құрылыс нормалары мен ережелері жатыр.

Өскемен. 7 наурыз. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстандағы тексерілетін объектілердің өрт қауіпсіздігі ерекше бақылауда. Себебі тексерулерді жоспарлау және бақылаудағы объектілердің маңызды тізімін жүргізетін бір қарағанда нәзік әйел. Надежда Евдокимова, азаматтық қорғау подполковнигі алғашқы өрт сөндіру құралдары, жарамсыз сымдар мен сигнализация жүйесі туралы естіп қана білмейді.

Білімі бойынша инженер-құрылысшы, міне 15 жыл бойы ШҚО ТЖД өртті мемлекеттік бақылау бөлімінде бас маманның міндетін атқарып қызмет етіп келеді. Надежданың үстелінде "аспаз" кітабының орнында Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламент, Құрылыс нормалары мен ережелері жатыр. Осы заңнамалық басылымдарды Надежда жатқа біледі десе болады. Оған куә 2016 жылы республика бойынша үздік мемлекеттік инспектор болып танылғандығы. Ерлер арасында жалғыз ғана әйел әріптесіне азғана ғана ұпайдан ұтылып қалып 2-орынды иеленді.

Азаматтық қорғау подполковнигі Надежда Евдокимованың еңбек жолын Глубокое ауданындағы Алтайск кентіндегі № 25 өрт сөндіру бөлімінде радиотелефоншы болып бастағанын кім ойлайды. Ұйымдастырушылық қасиеттер, істі сауатты шешіп, барлығын қағып алатындығын байқамау мүмкін емес еді. Надежданың басшылығы болашағы бар жас маманның осы қасиеттерн бағалап, бірнеше айдан соң Евдокимова мемлекеттік инспекторлар қатарын толықтырды.

Надежда 15 жылда 1000-нан астам объектіні тексерген. Оның барлығы әртүрлі күрделі, көлемді. Өрт қауіптілікті бағалау және бұзушылықтарды анықтау еңбек жолында ғана емес, күнделікті өмірдегі ажырамас бөлігі болып қалыптасып қалды. Әр әйел сауда орталығында жүріп, сауда жасап жүрген кезде де сөрелерге көз тастайды. Надежда алдымен өрт қауіпсіздігі талаптартынң бұзушылықтарына көз тастап содан кейін ғана саудаға кіріседі. "Қайда кірмесем де эвакуация жолдарына, сымдарға, алғашқы өрт сөндіру құралдарына назар аударамын" - деп күледі Надежда.

Ұжымда подполковник Евдокимованы құрметтейді, бағалайды. Ол салмақты да байыпты ерлер арасында жарқыраған күн тәрізді. Әрқашан көмекке келеді, ал жас қызметкерлерге кеңес беруден жалықпайды.

Үйінде - сүйікті жар, аяулы ана. Ретсіз жұмыс кестесіне қарамастан Надежда балаларына уақыт табады. Бас маман жарымен бірге 16 жасар ұл мен 8 жасар қыз тәрбиелеп отыр, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы ТЖД.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны