13.01.2020, 18:34 11345

Шымкент қаласы әкімдігінің Статистика департаментінің маманы адамды жұмысқа орналастыру үшін 450 мың теңге пара алғаны үшін 1,8 млн. теңге айыппұл жүктеді

Атырау қ. Полиция басқармасы Әкімшілік полиция бөлімінің аға инспекторы (1,2 млн теңге айыппұл), Қарағанды қ. ПБ Патрульдік полиция полкінің полицейі (2,1 млн. теңге айыппұл) әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін пара алу кезінде ұсталған.

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Агенттіктің стратегия және жедел басқару департаменті басшысы Ринат Қабиев 1424 Call-орталығының 2019 жылғы жұмысының қорытындысы туралы айтып берді.

"Агенттікте азаматтардың өтініштерін қарауға арналған тәсілдер түбегейлі түрде қайта қарастырылды. Біздің міндет - бізге жүгінген әр азаматтың өтінішіне құлақ асу. Азаматтармен жедел әрі үздіксіз кері байланысу үшін, Агенттіктің 1424 Call-орталығының жұмысы ұйымдастырылған", - деді Р.Қабиев.

Спикер атап өткендей, операторлар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру туралы хабарламаларға тәулік бойы режимде ден қояды.

Егер бұрын қылмыстық істер аса шұғыл әзірлемелер материалдары мен бақылау-қадағалау органдарының тарапынан жүргізілетін құжаттамалық тексерістер негізінде қозғалған болса, қазіргі күні азаматтардың хабарламаларына да сүйенеді.

Бұл жұмыс алдыңғы қатарлы Еуропа елдері мен АҚШ-тың тәжірибесі ескеріле отырып ұйымдастырылған.

"2019 жылы біз келіп түскен осындай 4,5 мың телефон қоңырауының 1 мыңын тіркедік.

Расталған фактілер бойынша 66 қылмыстық іс тергелуде, бүгінгі күні 18 іс сотқа жіберілді.

Былтырғы жылғымен салыстырғанда, телефон қоңыраулары мен тергеліп жатқан істердің іс жүзінде екі есеге көп өскендігі байқалады, бұл азаматтардың сенім деңгейінің артқандығы туралы куәландырады", - деп атап өтті Р.Кабиев.

*****

Антикор өкілінің айтуынша, Call-орталық арқылы келіп түсетін өтініштермен жүргізілетін жұмыс алгоритміне сәйкес, оларды кезекші офицерлер қабылдайды және аумақтық департаменттердің басшыларына шешімдер қабылдау үшін дереу жолдайды.

Сондай-ақ, нақты мысалдар келтірілді, мысалы Батыс Қазақстан облысында 1424 нөміріне келіп түскен өтініш бойынша "Охотзоопром" ӨБ Батыс Қазақстандық филиалының басшысы сотталды (1 млн. теңге айыппұл), ол бағыныштысын жұмыстан босатпауы үшін 50 000 теңге мөлшерінде пара алған.

Шымкент қаласында жұмысқа орналастыру үшін 450 мың теңге сомасында ақша қаражатын алған, Шымкент қ. әкімдігінің Статистика департаментінің Персоналды басқару қызметінің маманы сотталды (1,8 млн. теңге айыппұл).

Атырау қ. Полиция басқармасы Әкімшілік полиция бөлімінің аға инспекторы (1,2 млн теңге айыппұл), Қарағанды қ. ПБ Патрульдік полиция полкінің полицейі (2,1 млн. теңге айыппұл) әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін пара алу кезінде ұсталған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны