18.03.2020, 18:51 2501

Шымкент қаласында банк бөлімшесіне қарулы тонау әрекетіне тосқауыл қойылды

Қылмыс әрекеті кезінде 1971 жылы туған ер адам ұсталды, ол оқу гранатасын пайдаланып, кассадан қолма-қол ақшаны алу арқылы қылмыс жасамақ болған.

Алматы. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Шымкент қаласының Jysan Bank бөлімшесінде қарулы тонау әрекеті тоқтатылды. Тонаушыны банктің қауіпсіздік бөлімінің қызметкері залалсыздандырды. Банк қызметкерлері мен клиенттері арасында зардап шеккендер жоқ.

Мангельдин көшесі, 43/1 мекенжайы бойынша орналасқан Jysan Bank-тің №112 БҚО бөлімшесіндегі қылмыс әрекеті кезінде 1971 жылы туған ер адам ұсталды, ол оқу гранатасын пайдаланып, кассадан қолма-қол ақшаны алу арқылы қылмыс жасамақ болған.

"Бұл жағдай Jysan Bank-тің қызметкерлері жұмысына деген жоғары дайындық пен кәсіби біліктілікпен қарайтынына тағы бір рет дәлел деуге болады. Біздің клиенттеріміз Jysan Bank-тің бөлімшелерінде қажетті банктік қызметтерді қауіпсіз түрде қолдана алады, өзін қауіпсіз сезінуге болады. Осындай күрделі уақытта біз қауіпсіздік шараларын күшейттік және бәріне дайынбыз", - деді Jysan Bank Басқарма төрағасы Айбек Қайып.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны