07.03.2019, 18:32 15971

Шымкент қаласында құқық бұзушылықтан келтірілген шығынды өндірудің тиімділігі талқыланды

Кеңес отырысында сөз алған қала прокуроры, қатысушылардың назарын уәкілетті органдардың жұмыс тиімділігінің төмендігіне аударып, олармен өткен жылы өндіруі қажет болған 9,5 млрд теңгенің 1,8 млрд. теңгесі ғана өндірілгенін атап өтті.

Шымкент. 7 наурыз. Kazakhstan Today - Шымкент қаласының прокуратурасында құқық қорғау және мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен мемлекетке экономикалық қылмыстардан келтірілген залалды өндіру бойынша Үйлестіру кеңесінің отырсы өтті.

Кеңес отырысында сөз алған қала прокуроры, қатысушылардың назарын уәкілетті органдардың жұмыс тиімділігінің төмендігіне аударып, олармен өткен жылы өндіруі қажет болған 9,5 млрд теңгенің 1,8 млрд. теңгесі ғана өндірілгенін атап өтті.

Сондай-ақ, мәжілісте салық төлеуден жалтару бойынша қылмыстық істерді тергеу сапасының төмендеуіне байланысты, қала бюджетіне 6,5 млрд. теңге өтелмегені аталды.

Осыған байланысты, қала прокуратурасымен ұсынылған кемшіліктерді жою жөніндегі жоспар және қылмыстық жолмен алынған мүлікті анықтау бойынша іс-шаралар алгоритмі Үйлестіру кеңесінің барлық мүшелерімен қолдау тапты.

Мәжіліс қорытындысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментіне жосықсыз кәсіпкерлерді ерте кезеңнен анықтау бойынша және т.б. бірқатар тапсырмалар берілді, деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны