Система Orphus

Шымкент қаласының №1 Қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері қамауға алынды

20.11.2019, 19:13 86698

Алматы. 20 қараша. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың 18 қарашасында ІІМ Тергеу департаменті Шымкент қаласының "№1 Қалалық клиникалық ауруханасы" ШЖҚ МКК бас дәрігері Донбай Абылай Абдужаппарұлын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Оған ҚР ҚК 264-бабының 2-бөлігінде (трансұлттық қылмыстық топқа қатысу) және 116-бабының 3-бөлігінде (адам органдарын заңсыз алып қою) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны туралы айып тағылуда.

Сотқа дейінгі тергеу барысында 2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы аумағында адам органдарын трансплантациялау саласында тұрақты қылмыстық топ әрекет еткендігі анықталды.

Ауыр материалдық жағдайларына байланысты өз бүйректерін сатуға мәжбүр болған Өзбекстан, Қырғызстан, Украина азаматтары донорлар ретінде тартылған, ал реципиенттер алыс шетелдердің, негізінен Израильдің қалталы азаматтары болған.

Тергеу барысында анықталғандай, А.А. Донбай қылмыстық топ мүшелерімен алдын ала сөз байласып, адам органдарын сатып алу-сатуға заңнамалық тыйым салғанына қарамастан, ірі ақшалай сыйақы үшін бүйректі алу және ауыстырып салу бойынша заңсыз операциялар жүргізген, деп хабарлайды ІІМ Тергеу департаменті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны