21.10.2019, 15:53 15615

Шымкент қаласының адвокаттар алқасының қорғаушысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Абай аудандық полиция басқармасының тергеушісімен зорлау фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатуға делдалдық жасағаны үшін жалпы сомасы 360 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр.

Алматы. 21 қазан. Kazakhstan Today - Шымкент қаласының Адвокаттар алқасының қорғаушысы парақорлыққа делдалдық жасады деген күдікке ілінді.

Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша Шымкент қаласының адвокаттар алқасының қорғаушысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Шымкент қ. Абай аудандық полиция басқармасының тергеушісімен зорлау фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатуға делдалдық жасағаны үшін жалпы сомасы 360 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр. Бұған дейін хабарланғандай, Шымкент қаласы Абай аудандық Полиция басқармасының тергеушісіне қатысты аталған іс бойынша іс жүргізу шешімін қабылдағаны үшін пара алды деген күдікке қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны