28.05.2020, 15:48 8409

Шымкент қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Шымкент қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген "Шымкент қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол 2019 жылдың маусым айында мердігер және басқа тұлғалар тобымен әрекет етіп, нақты орындалмаған жұмыстар үшін орындалған жұмыстар актілеріне қол қою арқылы Департамент ғимаратын ағымдағы жөндеуге бөлінген 7 миллион теңге мөлшеріндегі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны