13.08.2019, 23:45 9391

Шымкентте алаяқтық жайттарына қатысы бар күдікті ұсталды

Қазіргі таңда аталған жайттар бойынша ҚК-нің 190-бабымен "алаяқтық" сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Шымкент.13 тамыз. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың 28 мен 29 шілде күндері Шымкент қаласының Полиция департаментіне 4 азамат бір адамның алаяқтық іс-әрекетінің құрбаны болғанын айтып, ұқсас шағымдармен арызданған. Қаскүнем қала тұрғындарының сеніміне кіріп, жер алу мәселелерін шешіп беремін деп, алаяқтық жолмен шамамен жалпы 1,5 миллион теңгеге жуық сомада ақша алған.

Жедел-тергеу амалдарын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, Абай ауданының Полиция басқармасына жеткізді.

Қазіргі таңда аталған жайттар бойынша ҚК-нің 190-бабымен "алаяқтық" сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны