19.02.2020, 18:56 8169

Шымкентте мешіттің ғимаратында қалтадан әмиян ұрланды

Аталған жайт Қылмыстық Кодекстің 188-бап 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша Абай ауданы Полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Алматы. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Шымкентте мешіттің ғимаратында қалтадан әмиян ұрланды,-деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент қаласының полиция қызметкерлері қала мешіттерінің бірінде ұрлық жасаған ер адамды ұстады. Ол күртешенің қалтасынан ақша мен құжаттары бар әмиянды ұрлап кеткен. Күдіктінің жеке басын Полиция департаментінің жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен анықтаған.Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған жайт Қылмыстық Кодекстің 188-бап 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша Абай ауданы Полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны