27.06.2019, 23:23 11875

Шымкентте "Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" акциясы өтуде

Шымкент қаласы аумағында 2019 жылдың 24-27 маусым аралығында "Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" республикациялық акциясы өтуде.

Нұр-Сұлтан. 27 маусым. Kazakhstan Today - Шымкент қаласы аумағында 2019 жылдың 24-27 маусым аралығында "Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" республикациялық акциясы өтуде.

Акцияның негізгі мақсаты - көпшілік халықты отбасында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу және оның жолын кесу, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту болып табылады. Сондай-ақ, зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізу, отбасы салтының құндылықтарын және халықтың имандылық мәдениетін жаңарту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Отбасы жанжалдары кезінде өңірлерде сенім телефондары, қауырт желі жұмыс істеуде екенін және дағдарыстық орталықтарының бар екені туралы халыққа жеткізу болып табылады.

Атап айтсақ, Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағында акция барысында "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикалық туралы" Заңы насихатталуда. Осы мақсатта көпшілік жиналған орындарда халықпен кездесулер өткізілді. Соның бірі қала орталығынан алшақ орналасқан Сайрам елдімекенінде отбасы жанжалдарының алдын-алу мақсатында Қаратау АПБ қызметкерлері, аудан прокуратурасының аға прокуроры Б. Тұяқбаев, аудан әкімінің бөлім басшысы Бердибекова, қала әкімінің жанындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған "Самғау-сенім" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маманы А. Сарыбаева, қаланың Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психологы Г.Мамбетова, "Сана сезім" үкіметтік емес мекемесінің маманы С.Сағынбектермен бірлесіп, көпшілік шоғырланған орталарға барып, кездесулер, жолда қабылдаулар өткізіп, олар ішінде зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайда қайда хабарласу керектігі туралы толық мағлұмат жазылған кітапшалар таратылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны