05.07.2019, 16:52 10510

Шымкентте жеті метрлік "Домбыра" ескерткіші орнатылды

Еске салсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шілденің бірінші жексенбісін "Домбыра күні" деп белгілеп, 2018 жылы 13 маусым күні жарлыққа қол қойған болатын.

Шымкент. 5 шілде. Kazakhstan Today - Шымкент қаласында "Ұлттық домбыра күні" мерекесіне орай "Домбыра" ескерткішінің ашылу салтанаты өтті. Шараға қатысқан қала әкімі Ғ.Әбдірахымов қасиетті қара домбыра - қазақтың рухы және болмысы екенін атап өтті.

"Түркістан" сарайының алаңында ұлттық аспабымызды ұлықтау мақсатында орнатылған ескерткіштің авторы - Шымкент қаласының суретшілер одағы. Туындының биіктігі 7,5 метр, ені 1,5 метр.

Ескерткіштің бір ерекшелігі - жанына жақындаған кезде қазақтың күйі орындалады. Шымкенттіктер енді мұнда 30-ға жуық күй тыңдап, аспаптың қоңыр үнінен тамаша әсер ала алады.

Мерекелік шарада жергілікті өнерпаздар сан сырлы күй әуенімен тыңдармандарға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Еске салсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шілденің бірінші жексенбісін "Домбыра күні" деп белгілеп, 2018 жылы 13 маусым күні жарлыққа қол қойған болатын.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны