26.08.2019, 13:05 86502

Шымкенттік тұрғынның 160-тан астам қойын жымқырып, Жезқазғанға ізін суытқан күдікті құрықталды

Нәтижесінде күдікке жәбірленушінің малын баққан бақташы ілігеді. Осылайша күдіктіні полицейлер Жезқазған қаласынан ұстайды. Полицейлердің айтуынша, күдікті Төлеби ауданының тумасы. Бөтеннің мүлкін жымқырып, қомақты қаржымен бірге ауданнан ізін суытқан.

Нұр-Сұлтан. 26 тамыз. Kazakhstan Today - Шымкенттік тұрғынның 160-тан астам қойын жымқырып, Жезқазғанға ізін суытқан күдікті құрықталды.

Ағымдағы жылдың 25 мамырында Созақ АПБ-не Шымкент қаласының тұрғыны арызданып келеді. Арызданушы Созақ ауданында орналасқан жайылымдардың біріндегі 160-тан астам бас малының қолды болғандығын айтады. Жәбірленушіге 6 миллион 380 мың теңге шығын келтірілген. Аталмыш жайтты Созақ АПБ-нің полицейлері сотқа дейінгі тергеп- тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеп, ҚР ҚК-нің 189-бабы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша қылмыстық іс қозғайды.

Тәжірибелі полицейлер бастапқыда малдарды ауыл аймақтан, жайылымнан іздейді, кейіннен тінту шараларына тәжірибелі тәртіп сақшыларын тартып, іздестіруді күшейтеді.

Нәтижесінде күдікке жәбірленушінің малын баққан бақташы ілігеді. Осылайша күдіктіні полицейлер Жезқазған қаласынан ұстайды. Полицейлердің айтуынша, күдікті Төлеби ауданының тумасы. Бөтеннің мүлкін жымқырып, қомақты қаржымен бірге ауданнан ізін суытқан.

Құрықталған күдікті Созақ аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, оған қатысты іспен Созақ АПБ-нің аға тергеушісі полиция майоры А.Мамшетов айналысып, тергеу амалдарын тиісті деңгейде іске асырды.

Қазіргі таңда жинақталған барлық құжаттар нақты шешім шығарылу үшін сотқа жолданды, деп хабарлайды ТО ПД-нің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны