01.08.2018, 07:22 4506

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!" атты халықаралық байқауы өткізілуде

Бұл байқау аталған тақырыптағы әлеуметтік бейнероликтер, плакаттар әзірлеу арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті, қоғамныӊ барлық деӊгейлері мен қызмет салаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдыӊ тетіктері мен аталған бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтыӊ рөлі мен маӊыздылығын айқындауға бағытталған.

Ақтөбе. 1 тамыз. Kazakhstan Today - ТМД Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекетаралық кеӊестіӊ құрамындағы Қазақстан Республикасыныӊ, Ресей Федерациясыныӊ, Беларусь, Армения, Қырғыз Республикаларыныӊ өзара іс-әрекеті нәтижесінде 2018 жылдыӊ 19 қарашасына дейін "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!" атты халықаралық байқауы өткізілуде.

Бұл байқау аталған тақырыптағы әлеуметтік бейнероликтер, плакаттар әзірлеу арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті, қоғамныӊ барлық деӊгейлері мен қызмет салаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдыӊ тетіктері мен аталған бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтыӊ рөлі мен маӊыздылығын айқындауға бағытталған.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Ресей Федерациясыныӊ Бас прокуратурасы, Армения, Қырғыз Республикасыныӊ Бас прокуратурасы және Тәжікстан Республикасыныӊ Мемлекеттік қыржылық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша агенттігі бірлесе ұйымдастырған байқау www.anticorruption.life ресми сайтында өткізіледі.

Байқауға 14-35 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады және қатысушы жұмыстардыӊ орыс тілінде болуы шарт. Ол үшін Сіз www.anticorruption.lifeресми сайтына Қазақстан Республикасын таӊдап, одан әрі облысты және қала немесе ауданды көрсете отырып электронды пошта арқылы тіркеле аласыз.

Қосымша ақпаратты www.anticorruption.life ресми сайтынан немесе ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Ақтөбе облысы бойынша департаментініӊ 8-702-680-95-71 whatsapp нөмірінен біле аласыздар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны