18.03.2018, 18:28 4071

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ІІ Кәсіпкерлер форумы өтті

Форумныӊ маӊызды бөлігі, Департамент пен Қарағанды облысыныӊ Кәсіпкерлер палатасы "Жол картасына" қол қойды

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысыныӊ "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына жолдауында "бизнес ахуалды, әсіресе өӊірлік деӊгейде жақсарту бойынша шұғыл әрекеттер қажет", - делінген. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігініӊ төрағасы А.Ж. Шпекбаев ІІ Кәсіпкерлер форумында айтып өткендей, егер 2016 жылы "Doing Business" рейтингінде Қазақстан 53 орыннан 41-ге дейін көтеріліп, өзініӊ көрсеткіштерін 12 позицияға жақсартқан болса, 2017 жылы ол 190 елдіӊ жалпы рейтингінде 36 орынды алады, ал "Инвесторларды қорғау" көрсеткіші бойынша біз 1 орындамыз.

Осыған қарамастан, Елбасы өзініӊ жыл сайынғы Жолдауында мемлекеттік әкімшілендіру кезінде кәсіпкерлердіӊ шығындарын қысқарту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет деп атап өтті.

Осыған орай, ағымдағы жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қарағанды облысы бойынша Департаменті (одан әрі - Департамент) Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып бірқатар іс-шараларды жоспарланып отыр, олардыӊ әрқайсысын жүзеге асыру бизнеске жасалатын қысымды барынша азайтуға мүмкіндік береді. Форумныӊ маӊызды бөлігі, Департамент пен Қарағанды облысыныӊ Кәсіпкерлер палатасы "Жол картасына" қол қойды. Ол мынадай іс-шараларды көздейді: табиғи монополияларды реттеу мен бәсекелестікті қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бірлесіп талдау жүргізу; кәсіпкерлердіӊ арасында сауалнама жүргізу жолымен сыбайлас жемқорлықтыӊ жағдайын бағалау бойынша зерттеу жүргізу; мемлекеттік органдардыӊ ақпараттық жүйелері мен ашық деректерініӊ ашықтығы мен қолжетімділігін талдау; 50 сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтердіӊ бизнес-үдерістерін талдау және т.б.

Жоғарыда аталған шаралардыӊ барлығы бизнесті қорғауға, бизнестіӊ дамуы үшін қиындық тудыратын мәселелерді немесе кедергілерді айқындауға және жоюға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігініӊ Қарағанды облысы бойынша департаменті

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны