20.07.2018, 19:27 5828

Сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алуға бағытталған үш жобалық кеӊсе белсенді жұмыс жасауда

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті енгізуді сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алудағы мәселелерді шешудегі уақытылы шешім деп атады.

Астана. 20 шілде. Kazakhstan Today - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті енгізуді сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алудағы мәселелерді шешудегі уақытылы шешім деп атады.

"Мемлекет басшысы тапсырмасыныӊ негізінде сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жалғасын табуда. Пилоттық режимде іске асырылып жатқан сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алуға бағытталған жаӊа құралдар өз тиімділігін дәлелдеді.

Үш жобалық кеӊсе белсенді жұмыс жасауда. Олардыӊ тәжірибесі барлық республикаға таратылады. Еӊ бастысы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға азаматтық қоғамды кеӊінен тарту, қоғамдық бақылауды күшейту, азаматтардыӊ, отандық кәсіпкерлер мен шетел инвесторларыныӊ құқықтарын қорғау.

"Protecting Business and Investments" жобалық кеӊсесініӊ инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бағдарламасы бизнес-қоғамдастық арасында оӊ резонанс көрсетті. Шетел сарапшылары мен инвесторлары жобаға елеулі қызығушылық танытуда.

Бастаманыӊ басталғаныныӊ толық емес ай ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеумен 750 миллиард теӊге сомадан астам 20 инвест-жобаны қамтуға қол жеткізілді. Еліміздіӊ барлық өӊірлерінде аталған жобаны енгізу жоспарлануда. Бұл жұмыс Агенттікке еліміздіӊ эконокамикалық дамуына және ЖІӨ өсуіне айтарлықтай үлесін арттыруға мүмкіндік береді", -деді Алик Шпекбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ кеӊейтілген алқа мәжілісінде сөйлеген сөзінде.

А.ж. 1-ші жартыжылдығы қызметініӊ қорытындысы бойынша мәжілістіӊ күн тәртібіндеге маӊызды мәселелердіӊ ішінде - халыққа және бизнеске мемлекеттік көрсетілетін қызметтердіӊ сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алу.

Алик Шпекбаевтыӊ атап өткендей, сервистік мемлекетті құру мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ауқымды автоматтандыру және мемлекеттік органдардыӊ дерекқорын интеграциялау жүргізілуде.

Қазіргі күні мемлекеттік көрсетілетін қызметтердіӊ 78% электронды түрде және "Мемкорпорация "Азаматтарға арналған үкімет" арқылы көрсетілуде, бұл өз кезегінде 2/3 бөлігінен астам тұрмыстық сыбайлас жемқорлықті азайтуға мүмкіндік берді.

Үкіметпен жүргізілген белсенді бірлескен жұмыс жартыжылдықта "электронды үкімет" порталымен интеграциялауды 15% өсуін қамтамасыз етті. Сонымен бірге, 2008 - 2017 жылдар кезеӊінде ол тек 12 % ғана құраған.

Еӊ талап етілетін қызметтерді электронды үлгіге ауыстыру бойынша жылдамдатылған жұмыс жүргізілуде, бұл "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын дамытуға қосқан сөзсіз үлес.

Сондай-ақ мемлекеттік орган басшысы соӊғы екі жылда мемлекеттік органдар жол беретін бұзушылықтардыӊ саныныӊ 8 есеге қысқарғанын атап өтті (2016 жылғы 800 мыӊнан а.ж. жартжылдықта 100 мыӊға дейін). Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердіӊ мерізімін сақтамау деректері 4 еседен астамға қысқартылды.

Түсіндірудегі қайшылықтарды болдырмау және мемлекеттік қызметтер көрсету процессін оӊайлату үшін Агенттікпен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердіӊ бірыӊғай стандартын енгізу жөнінде нақты ұсыныстар енізілді. Бұл мәселе Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп қарастырылуда.

Сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алу бойынша жүйелі және кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Агенттікпен еліміздіӊ жоғары оқу орындарында өӊделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар "Саналы ұрпақ" жобасыныӊ аясында енгізілетін болады.

Үкіметтік емес сектормен және азамататқы қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жаӊа деӊгейге шығарылды.

Сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алудағы ерекше рөлді бей-жай емес азаматтар мен жұртшылықтыӊ қатарынан құралған арнайы мониторингтік топтыӊ жұмысы алады.

Бюджеттік қаражатты мақсатты қолдануда, сондай-ақ төртінші деӊгейдегі бюджетте азаматтық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған "Қоғамдық бақылау картасы" жобасына маӊызды назар аударылған.

"Кез келген сыбайлас жемқорлық көріністер қатаӊ тоқтату бойынша Агенттік шешімділігіне қатысты иллюзиялар ешкімде болмау керек. Сондай-ақ бұл Қазақстанда қолайлы бизнес-климаттыӊ қалыптасыуына да қатысты.

Қандай да бір заӊсыз араласу, мерзімдерді созу және т.б. бюрократиялық "қабылдау" қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа сын-тегеурін ретінде есептелетін болады. Басқару шешімдерді қабылдайтын лауазымды тұлғалардыӊ жеке мүдделері мемлекеттік мүдделерге қарама қайшы болмау қажет.

Біз үшін қылмыстық сызбаларды бұза отырып, сыбайлас жемқорлықтыӊ көріністерініӊ жағымсыз әсерінен қанша адамды қорғай алғандығымыз маӊызды" - деп атап өтті Алик Шпекбаев.

Агенттікте сыбайлас жемқорлықтыӊ алдына алу саласындағы аумақтық департаменттіӊ жұмыстарыныӊ нәтижелерін бағалаудағы жаӊа тәсілдерді қарастырдық. Бағдар процесстен нақты нәтижелерді жетуге жылжытылды.

Алик Шпекбаев Агенттіктіӊ күштерін ЭЫДҰ Стамбулдық іс-қимыл жоспарыныӊ ұсынымдарын іске асыруға шоғырландыруды тапсырды. Сондай-ақ уәдені /параны ұсынуды қылмыстандыру, жалпыға бірдей шығысты мағлұмдауды енгізу арқылы заӊсыз баю үшін қылмыстылық белгілеу.

Сондай-ақ ол Транспаренси Интернешнл рейтингінде еліміздіӊ позициясын күшейту қажеттілігін айтып өтті.

МҚІСЖҚА баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны