27.05.2008, 19:35 2973

Сычуань провинциясында жер асты дүмпулері қайталанды

Сычуань провинциясында жер асты дүмпулері қайталанды

Алматы. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қытайдың Сычуань провинциясының әкімшілік орталығы - Чэндуда бүгін 16 сағат 05 минутта қуатты жер асты дүмпулері қайталанды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Синьхуа" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Сонымен бірге, Сычуань провинциясының сейсмологиялық басқармасының хабарлауынша, бүгін 16 сағат 03 минутта Цинчуань уезінде Рихтер өлшемі бойынша қуаты 5,4 балл болатын жер асты дүмпуі сезілді.

"Синьхуа" мәліметінше, 27 мамырдағы сағат 12.00-дегі жағдаймен Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Вэньчуань уезінде 12 мамырда болған қуатты жер сілкінісі құрбандарының саны 67 183 адамға жетті, 361 822 адам жарақаттанған, 20 790 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында. Зардап шеккендердің жалпы саны 45 612 765 адамды құрады, олардан 15 006 341 адам көшіріліп, орналастырылды.

"Сейсенбі күнгі 12 сағаттағы жағдаймен жер сілкінісінене зардап шеккендерге көмек ретінде жалпы көлемі 32,722 млрд юаньнің ( $4,67 млрд) ақшалай және материалдық көмегі жиналды. Қытайдан және шетелдерден келіп түскен ақшалай көмектердің көлемі 24,734 млрд юань болды, оның 9,371 млрд юані зардап шеккен аудандарға жіберілді", - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан үкіметі Қытайдағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсету жөнінде шешім қабылдады.

Қазақстанда Қытай Халық Республикасының Ганьсу провинциясындағы Тяньшуй станциясына дейін қайырымдылық көмекті тасымалдап жеткізу үшін шұғыл түрде 22 вагоннан тұратын жылжымалы құрам жасақталуда. ҚР ТЖМ мемлекеттік материалдық резервтен құны 430 млн теңге тұратын материалдық құндылықтарды жөнелтеді.

"Зардап шеккендерге төсек жабдықтары, 40 орынды шатырлар, киімдер, ет консервілері мен дәрі-дәрмектер жіберіледі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 30 млн теңгенің дәрі-дәрмегін жөнелтсе, ҚР СІМ қайырымдылық көмекті алушыны айқындап, көмек көрсету шараларын үйлестіреді", -делінген ҚР ТЖМ-нің хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны