24.08.2007, 16:04 3319

Синоптиктер Алматыда аяз ерте түспейді деп болжап отыр

Үстіміздегі жылы синоптиктер Алматыда аяз ерте түспейді, деп болжап отыр: қыркүйекте қалыпты жағдайда жауын -шашынды, жылы болады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 24 - тамыз. АЛМАТЫ. Үстіміздегі жылы синоптиктер Алматыда аяз ерте түспейді, деп болжап отыр: қыркүйекте қалыпты жағдайда жауын -шашынды, жылы болады.

"Айдың ортасында ауа температурасы 17 градус жылы болады деп күтілуде",- деп хабарлады "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорынынан.

Бірінші онкүндікте синоптиктер ауа температурасы түнде 5- 10 градустан 10-15 градусқа дейін жылы, күндіз 20 - 25-тен 28-33-ке дейін көтеріледі деп күтуде. Екінші онкүндікте түнгі ауа температурасы 2 - 7 градус нөлден жоғары, ал күнді 14 - 19 градус жылы болуы мүмкін. Онкүндік соңында ауа температурасы қайта көтеріліп, үшінші онкүндікте түнде 9 - 14 градус жылы, ал күндіз 23-28 -ге дейін көтеріледі. Онкүндіктің аяғында ауа температурасынің төмендегендігі байқалады.

Синоптиктер бірінші онкүндіктің екінші жартысында жаңбыр жаууы мүмкін деп болжайды. Жаңбыр екінші жане үшінші онкүндіктің басында жиілей түсуі мүмкін. "Бірінші онкүндіктің екінші жартысында найзағай болуы мүмкін",- деп хабарлады гидромет орталығындағылар.

Бірінші онкүндіктің соңында, екінші онкүндік пен үшінші онкүндіктің соңында батыс бағытындағы желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетуі мүмкін.

"Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының мәліметтеріне сүйенсек, қыркүйектегі ең жоғарғы температура - 1998 жылы тіркелген - 38 гардус жылы, ал ең төменгі температура - 3 градус нөлден төмен - 1969 жылы тіркелген. Алматыға ең ерте түскен аяз 6 қыркүйек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны