26.09.2018, 16:22 4662

Сырдария өзеніне салынған су тоспасымен тағдырлас Тасбөгет кентініӊ де 70 жылдығына орай аймақтық ақындар айтысы болып өтті

Қызылорда қаласыныӊ 200 жылдығы аясында Тасбөгет кентініӊ 70 жылдық мерейтойы қарсаӊында "Тұран төріндегі Тасбөгет" атты кітап және Тасбөгет кентініӊ "Тасбөгет - киелі мекен" атты әнніӊ тұсауы кесілді.

Қызылорда. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Есіл мен Сырдыӊ жағасындағы еліміздіӊ ордасы атанған Астана мен Қызылорда, бірі - 20 жылдық, екіншісі - 200 жылдық мерейтойларын атап жатқанда Сырдария өзеніне салынған су тоспасымен тағдырлас Тасбөгет кентініӊ де 70 жылдығы осы елеулі екі оқиғамен тұстас келіп отыр. Тасбөгет кентініӊ тарихы Сырдария өзеніне салынған су тоспасымен өзектес. Құрылыс салуға қатысып жатқан жұмысшылардыӊ ірге тепкен мекенінде Тасбөгет поселкелік Кеӊесін құру туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеӊесі Президиумыныӊ 1948 жылғы 16 наурыздағы Жарлығы қабылданды. Қызылорда плотинасын салып, Сырдария арнасындағы суды реттеу арқылы өзен бойындағы игерілмей жатқан жерді кеӊ ауқымда егіс алқабы ретінде пайдалану көлемі артып, халықтыӊ әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсарып, облыс Сыр елініӊ мақтанышы - ақ күріштіӊ отанына айналды.

Қазіргі күні Тасбөгет кент облыс орталығыныӊ оӊтүстігімен тұтасып жатқан үлкен аймағыныӊ бірі.

Қызылорда қаласыныӊ 200 жылдығы аясында Тасбөгет кентініӊ 70 жылдық мерейтойы қарсаӊында "Тұран төріндегі Тасбөгет" атты кітап және Тасбөгет кентініӊ "Тасбөгет - киелі мекен" атты әнніӊ тұсауы кесілді.

Шара "Сұлу Сырдыӊ егізіндей, сүлейлердіӊ лебізіндей - Тасбөгет" атты аймақтық ақындар айтысымен жалғасын тапты.

Жыр додасына республикамызға танымал айтыскер ақындар қатысты. Олар: Иділбек Сырым - (Астана қаласы), Аян Ниязбеков - (Қызылорда қаласы), НартайТілеуқұл - (Ақтөбе қаласы), Ержігіт Бекжан - (Қызылорда облысы, Шиелі ауданы), Мөлдір Айтбай - (Қызылорда қаласы), Бек Шымат - (Астана қаласы), Нұрмұхамед Байсүгіров - (Қарағанды қаласы), Дәурен Ысқақов - (Шымкент қаласы), Ботагөз Мұхитдин - (Жезқазған қаласы), Ержеӊіс Ибдиев - (Қызылорда облысы, Тасбөгет кенті).

Сонымен қатар, айтысқа Республикалық, облыстық мүшәйралардыӊ жеӊімпазы, Қазақстан Журналистер Одағыныӊ мүшесі, Қазақстан Жазушылар Одағыныӊ мүшесі Дүйсенбек Аяшұлы төрелік етсе, эколог-ақын, Қазақстан Журналистер Одағыныӊ мүшесі Мұхамеджан Нұрханов және Мемлекеттік Жастар Сыйлығыныӊ иегері, Халықаралық "Шабыт" фестивалініӊ жүлдегері, Қорқыт Ата Мемлекеттік Университетініӊ докторанты Назгүл Бердіқожа қазылық етті.

Айтыс қорытындысы бойынша, Ержеӊіс Ибдиев - Бас жүлде /300 000/, Дәурен Ысқақов - І орын /200 000/, Мөлдір Айтбай - ІІ орын /150 000/, Ботагөз Мұхитдин - ІІІ орын /100 000/, Иділбек Сырым - Алғыс /50 000/, Аян Ниязбеков - Алғыс /50 000/, Нартай Тілеуқұл - Алғыс /50 000/, Ержігіт Бекжан - Алғыс /50 000/, Бек Шымат - Алғыс /50 000/, Нұрмұхамед Байсүгіров - Алғыс /50 000/ марапатына ие болып, дипломдар мен жүлделер табыс етілді.

Сондай-ақ, Тасбөгет кентініӊ 70 жылдық мерейтойы қарсаӊында ұйымдастырылған қазақ күресінен жарыс өткізілді.

Қызылорда қаласыныӊ 200 жылдығы аясында Тасбөгет кентініӊ 70 жылдық мерейтойы қарсаӊында қазақ күресі сайыстары ұйымдастырылды. Шара барысында Қызылорда облысыныӊ белді спортшылары бақ сынасты. Шараға қазақ күресінен облыстыӊ аға жаттықтырушысы Қасымбеков Берік және №5 спорт мектебініӊ жаттықтырушысы Маханбетов Жағыппар төрелік етті.

Жарыс қорытындысы бойынша 74 кг жоғары салмақ дәрежесінде "Түйе палуан" І орынды жеӊіп алған Баймаханов Марат (300 000 теӊге), ІІ орынды иемденген Абдуллаев Ержан (200 000 теӊге), ІІІ орынды иемденген Жұрқабаев Саламат (150 000 теӊге) жүлдеге ие болды.

74 кг дейінгі салмақ дәрежесінде І орынды жеӊіп алған Шайкөзов Азамат (150 000 теӊге), ІІ орынды иемденген Жақсыбеков Ержан (100 000 теӊге), ІІІ орынды иемденген Жақсылық Нұрдаулет (70 000 теӊге) қанжылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны