15.05.2008, 16:03 2477

Сырдария жағалауларын бекітудің жаңа жобасы Қызылорданы су тасқыны қаупінен құтқарады

Сырдария жағалауларын бекітудің жаңа жобасы Қызылорданы су тасқыны қаупінен сақтайды

Қызылорда. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Сырдария жағалауларын бекіту және Қызылорда қаласынынң қорғау бөгендерін жөндеудің жаңа жобасы қаланы су тасқыны қаупінен құтқарады. Бұл туралы кеше Арал өңірі тұрғындарының денсаулығын қорғау, гидрометеорология және экология аумақтық орталығының директоры Смағұл Сейітов "Нұр Отан" Халықтық демократиялық партиясының облыстық бөлімшесінің қоғамдық тыңдаулары кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Өзен жағалауларын күшейту жобасына қомақты қаржы жұмсалатыны белгілі, бірақ онсыз су тасқыны қаупінен құтыла алмаймыз", - деп атап өтті С. Сейітов.

Оның техникалық-экономикалық негіздемесі мен мемлекеттік сараптамасын жасау үшін облыстық бюджеттен 100 млн теңге бөлінді. "Қазгипроводхоз" институтында жасалған жобаның құны 16 млрд теңгеден асады, деп хабарлады қоғамдық тыңдауларға қатысушылар.

"Жұмыстар кезінде біз жағалаулардың тұрақсыздығына тап болдық. Сырдария арнасын өзгерткенде жолындағы барлық бөгендерді бұзып отырады. Ал бұл жұмыстарға қомақты қаржы жұмсалады", -деп атап өтті "Қазгипроводхоз" институтының директоры Леонид Дмитриев.

Оның сөздері бойынша жоба екі кезеңмен жүзеге асырылады, біріншісінде облыстық орталығы орналасқан оң жағалау бекітілсе, екіншіс кезекте сол жағалау қолға алынады.

"Қала маңында күшейтілетін жағалаудың ұзындығы 33 шақырымды құрайды. Тігінен қойылған тіреуіш қабырғалар 21,6 шақырымға, ал жағалау бөктерінің бекітулері 11,5 созылған. Жоба жазғы су тасқыны кезінде секундына 1200 текше метр суға, ал қысқы уақытта секундына 650 текше метр суға арналып есептелген", -деп түсіндірді Л. Дмитриев.

Жобалаушылардың есеп-қисаптары бойынша жағалауларды күшейту үшін 200 мың текше монолит және 500 мыңнан аса текше құрастырылған темір бетоны жұмсалады. Ал жағалаудың су тасқыны бөлігінде габион материалын пайдалану жоспарлануда.

"Габион - тасқа толтырылған әрі мырышталған тор. Бұл жағалауларды бекітудің ең тиімді құралдарының бірі", - деп түсіндірді "Қазгипроводхоз" институт директоры.

Оның сөздері бойынша 125 мың текше метр габион салынады. Жоба төрт жылға есептелген. Осы уақыт аралығында жергілікті билік Сырдарияның жағалауын өзгертіп, оны демалу орнына айналдыруды көздеп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны