22.04.2015, 20:03 3944

"Сырдария" жүрдек пойызы Астанадан Қызылордаға күнара қатынайтын болады

"Жолаушылар тасымалы" АҚ көпшіліктіӊ сұранысын қанағаттандыру мақсатында 2015 жылдыӊ 25 сәуірінен бастап Астана-Қызылорда бағытындағы №89/90 "Тұлпар-Тальго" пойызы екінші құрамыныӊ сапарға шығатынын хабарлайды.

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - "Жолаушылар тасымалы" АҚ көпшіліктіӊ сұранысын қанағаттандыру мақсатында 2015 жылдыӊ 25 сәуірінен бастап Астана-Қызылорда бағытындағы №89/90 "Тұлпар-Тальго" пойызы екінші құрамыныӊ сапарға шығатынын хабарлайды. Бұрын төрт күнде бір-ақ рет жүретін пойыз бұдан былай күнара қатынайтын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жолда аялдайтын бекеттері: Қарағанды, Сарышаған, Шу, Жамбыл, Шымкент, Арыс-2, Түркістан. Қызылордаға дейін 22 сағат 25 минутта жетсе, қайтар жолға 23 сағат 22 минут кетеді. Пойыз 23 вагоннан тұрады, оныӊ 2 вагоны "Гранд", 2 - "Бизнес", 14- "Турист" санаттарына бөлінген. Бұған 2 вагон-ресторан мен 3 техникалық вагонды қосыӊыз.

Бұл бағыттыӊ маӊыздылығы сол - ол еліміздіӊ бес бірдей облысыныӊ үстімен өтеді және осы аймақ халқына сапалы жедел тасымылдау қызметін көрсететін болады. "Тұлпар-Тальго" пойыздарына мінген жолаушы тек уақыттан ұтып кана қоймай, сонымен қатар билетін ертерек сатып алса ақшасын да үнемдейді.

"Тұлпар-Тальго" пойыздарыныӊ бәріне тарифті басқарудыӊ икемді бағдарламасы енгізілген. Бұл билеттіӊ бағасы сатып алу мерзімініӊ ұзақтығы мен оған деген сұранысқа (пойыздыӊ қаншалықты толуына) қарай өзгеріп отырады деген сөз. Мәселен, билетті алдын ала сатып алған жолаушы билеттіӊ базалық бағасынан 35 пайызға дейін жеӊілдікке ие бола алады. Пойыздыӊ жүру уақыты жақындаған сайын билет бағасы да өсе түседі.

Бұдан бөлек әрбір санаттағы жолаушылар үшін жеӊілдіктері бар келесі дисконттық карталар қарастырылған:

"Құрмет" - 60 жас пен одан ересек адамдар үшін, жеӊілдік көлемі - 10%;

"Жастар" - 16-25 жас аралығындағы жастар үшін, жеӊілдік көлемі - 10%;

"Саяхатшы" - жүрдек пойыздарда соӊғы 12 айда төмендегідей бағаға сапарлаған тұрақты жолаушылар үшін:

И 100 000 теӊгеден 150 000 теӊгеге дейін, жеӊілдік көлемі - 10 пайыз;

И 150 001 теӊгеден 200 000 теӊгеге дейін, жеӊілдік құны - 15 пайыз;

И 200 001 теӊгеден жоғары, жеӊілдік көлемі - 20 пайыз.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны