07.03.2008, 11:27 5862

Сырдарияда су тасқынына орай көшірілген ОҚО Арыс ауданының тұрғындары үйлеріне оралып жатыр

Сырдарияда су тасқынына орай көшірілген ОҚО Арыс ауданының тұрғындары үйлеріне оралып жатыр

Шымкент. 7 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Бұдан бұрын Сырдария өзені бойынан көшірілген ауыл тұрғындары үйлеріне орала бастады. Бұл туралы агенттік тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданының әкімдігі хабарлады.

Арыс ауданы әкімдігінің әкім орынбасары Совет Сұлтановтың сөздері бойынша, Сырдария өзеніндегі су тасқыны қауіпінен көшірілген Шұғыла және Аққала ауыл тұрғындары бүгін үйлеріне орала бастайды.

"Өзеннің бұл учаскесінде мұз кетті, су тасқыны болмайды", - деді С. Сұлтанов.

Аудан әкімі орынбасарының айтуынша, алайда үш ауыл поселкесінің тұрғындары әлі үйлеріне қайтарылмайды, өйткені бұл ауыл аса қауіпті жерде орналасқан. "Біз тағы да бір апта бойы өзенді бақылаймыз, кейін адамдарды үйлеріне жіберетін боламыз", - деп түсіндірді С. Сұлтанов.

ОҚО Арыс ауданында су тасқыны қауіпіне байланысты бес ауылдан 121 отбасы көшірілді(250 адам).

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Сырдарияда мұз көшкіні кезеңінде су тасқыны болуына орай ОҚО билік өкілдері өзеннің жағалауына жақын жатқан ауыл тұрғындарын көшірген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны