07.12.2015, 10:57 5843

Сирек кездесетін балық

Олар мінген "Тойота Ленд Крузер" автокөлігін шекаралық тексеру кезінде оныӊ ішінен сирек кездесетін ускуч балығы табылды. Тірілей кетіп бара жатқан балықтардыӊ салмағы 100 кило болып шықты.

Астана. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ шығысында орналасқан "Аул-авто" бақылау-өткізу бекетініӊ шекарашылары (қазақ-ресей шекарасы) осы жылдыӊ 5-желтоқсаны күні күндізгі 14 сағат 30 минут шамасында Қазақстаннан Ресейге беттеп бара жатқан РФ екі азаматын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Олар мінген "Тойота Ленд Крузер" автокөлігін шекаралық тексеру кезінде оныӊ ішінен сирек кездесетін ускуч балығы табылды. Тірілей кетіп бара жатқан балықтардыӊ салмағы 100 кило болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша материалдар Шығыс Қазақстан облысыныӊ Бородулиха аудандық ішкі істер бөліміне берілетін болады.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны