25.07.2017, 20:09 4151

Сирек кездесетін дертке шалдыққан Ақмолалық балаларға қымбат дәрі-дәрмектерді сатып алуға қолдау көрсетілуде

"Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәслихаттыӊ кезекті сессиясында қымбат тұратын "Хумира" атты дәрілік препаратты сатып алуға қаржы бөлу туралы өтінішпен қайта шыққалы отыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысыныӊ орынбасары Бибігүл Иманқұлова.

Көкшетау. 25 шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ ақпаратына сәйкес, мекеме мәслихаттыӊ кезекті сессиясында қымбат тұратын "Хумира" атты дәрілік препаратты сатып алуға қаржы бөлу туралы өтінішпен қайта шыққалы отыр,- деп хабарлайды Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

"Хумира" атты дәрілік препарат ювенильдік идиопатиялық артрит атты сирек кездесетін ауру диагнозы қойылған балаларға қажет. Қазіргі күні Ақмола облысында осындай дертке шалдыққан 6 бала бар. "Хумира" дәрілік препараты Қазақстандағы кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеӊберіндегі дәрілік заттардыӊ тізіміне кірмейді. Дегенмен, Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл дәріні сатып алуға жәрдемдесу және ықпал ету бағытында белсенді жұмыс жүргізуде. Айталық, 2016 жылы өтінішпен шығу нәтижесінде облыстық мәслихаттыӊ кезекті сессиясында облыстағы 6 баланы қымбат тұратын "Хумира" және "Актемра" дәрілік препараттарымен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 15 миллион теӊге бөлу туралы шешім қабылданған болатын.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыруда.

"Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәслихаттыӊ кезекті сессиясында қымбат тұратын "Хумира" атты дәрілік препаратты сатып алуға қаржы бөлу туралы өтінішпен қайта шыққалы отыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысыныӊ орынбасары Бибігүл Иманқұлова.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны