26.04.2012, 11:05 3832

Сирияда жарылыстан 16 адам қаза тапты

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаза тапқандардың арасында әйелдер мен балалар көп деген деректер түсіп жатыр. Жергілікті полиция өкілдерінің хабарлауынша, жарылыс тұрғын үйдің бірінде болған. Жарылыс болған ауданда құрылыс нысандары рұқсатсыз және бей-берекетсіз салынған. Осының салдарынан жарылыс болған үйден басқа тағы да бес көршілес ғимаратқа зақым келді.

Астана. 26-сәуір. Kazakhstan Today - Кеше кешкісін Сирияның Хама қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болып, 16 адам қаза тауып, тағы да оншақты адам жараланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаза тапқандардың арасында әйелдер мен балалар көп деген деректер түсіп жатыр. Жергілікті полиция өкілдерінің хабарлауынша, жарылыс тұрғын үйдің бірінде болған. Жарылыс болған ауданда құрылыс нысандары рұқсатсыз және бей-берекетсіз салынған. Осының салдарынан жарылыс болған үйден басқа тағы да бес көршілес ғимаратқа зақым келді.

Ал, катарлық әл-Жазира телеарнасы, ғимараттар Сирия әскері ұшырған зымыран салдарынан қирады деген ақпарат таратты. Алайда, полиция өкілдері жарылыстың ғимараттың ішінде болғанын дәлелдейтін айғақтар бар деп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны