12.07.2016, 12:41 4191

Сирияға кетпек болған 12 ақтөбелік 6-8 жылға сотталды

Сирияға кетпек болған 12 ақтөбелік 6-8 жылға сотталды. Олар Қылмыстық кодекстіӊ "Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу", "Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оныӊ әрекетіне қатысу", "Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік" баптары бойынша айыпты деп танылып, мүлкі тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ақтөбе. 12 шілде. Kazakhstan Today - Сирияға кетпек болған 12 ақтөбелік 6-8 жылға сотталды. Олар Қылмыстық кодекстіӊ "Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу", "Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оныӊ әрекетіне қатысу", "Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік" баптары бойынша айыпты деп танылып, мүлкі тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгін Ақтөбе қаласыныӊ №2 сотында Сирияға кетіп, соғысқа қатыспақ болған 12 ақтөбеліктіӊ ісіне нүкте қойылды. Оларға Қылмыстық кодекстіӊ "Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу", "Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оныӊ әрекетіне қатысу", "Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік" баптары бойынша айып тағылған болатын. Іс материалдарына сүйенсек, ақтөбеліктер ел аумағынан шығып, "ДАИШ" халықаралық террористік ұйымыныӊ қатарына қосылуды мақсат еткен, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Ғаламтор арқылы террористік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында жаӊа содырларды даярлап жүргендермен байланысып, Қырғызстан және Өзбекстан Республикасы азаматтары атына жалған төлқұжаттар жасауға әрекеттенген. Сонымен қатар, сотталғандардыӊ бірі жоспарлаған мақсаттарына жету үшін оларды қаржыландырған. Айыпталушы Сәрсенбаев 8 жылға, М.Төреханов 7 жылға, өзгелері 6 жылға бас бостандығынан айрылды. Олардыӊ мүлкі тәркіленді",- дейді судья Ерлан Бақытжан.

Айта кетейік, сот үкімі заӊды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ Ақтөбе облыстық департаменті шекара аспақ болған 12 ақтөбелікті ұстады. Олар 25-40 жас аралығындағы ер азаматтар. Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ облыстық департамент қызметкерлері ұзақ уақыт бойы бақылап, тергеу жұмыстарын жүргізген. Ал 19 ақпан күні елді тастап кетпек болғанда ұстаған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны