26.03.2020, 14:49 9493

Өскеменде полиция инспекторы пара алғаны үшін сотталды

Ол қылмыстық істі тоқтату үшін 50 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Алматы. 26 наурыз. Kazakhstan Today - Өскеменде полиция инспекторы пара алғаны үшін сотталды.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті ШҚО Полиция департаментінің Өскемен қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қорғау бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны Р.С. Қапанның ҚР ҚК-тің 366-бабының 1-бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасау күдігі бойынша қылмыстық істі өндіріспен аяқтады.

Ол қылмыстық істі тоқтату үшін 50 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

17.03.2020 ж. Өскемен қаласының № 2 сотының үкімімен Р.С. Қапанға полиция капитаны арнайы атағынан айырумен қатар, 1 250 000 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны