Система Orphus

Өскемендегі жұмыспен қамту орталығы жаңа ғимаратқа көшіріледі

13.01.2020, 15:38 10477

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Өскемендегі жұмыспен қамту орталығы жаңа ғимаратқа көшіріледі.

Даниал Ахметов облыс орталығындағы халықты жұмыспен қамту орталығында болып, ғимараттың бүгінгі жағдайымен танысып, тұрғындармен тілдесті. Ғимарат дәліздерінің тарлығына көз жеткізген облыс әкімі алдағы уақытта мекеменің жаңа ғимаратқа көшірілетінін айтты.

-Біз ең алдымен, келушілерге қолайлы жағдай жасауды ойластыруымыз қажет. Бұл мемлекеттік мекеме болғандықтан, халыққа тиімді қызмет көрсету керек. Өйткені бұл жерге күнделікті әлеуметтік көмекке зәру және арнайы күтімді қажет ететін адамдар келеді, - деді аймақ басшысы.

Даниал Ахметов бұрынғы медициналық жедел жәрдем ауруханасы ғимаратын жөндеуден өткізіп, қалалық жұмыспен қамту орталығын осы жерге көшіріуді тапсырды. - Ғимараттың орналасқан жері мен территориялық аумағының әлеуеті жеткілікті. Бір айдың көлемінде қажетті құжаттар әзірленіп, жөндеу жұмыстарына тиісті қаржы бөлу мәселесін шешетін боламыз. Яғни алдағы төрт-бес айда жөндеу жұмыстары толықтай аяқталып, заманауи, open space форматындағы жаңа ғимарат қолданысқа берілетін болады, - деді облыс әкімі уақытша бос тұрған ғимаратты аралау барысында.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны