21.09.2020, 21:05 4965

Әскери қызметшілер "Бүкіләлемдік тазалық күні" акциясына қатысты

Акцияға қатысушылар Нұр-Сұлтан - Қарағанды тас жолына іргелес жатқан орман алқабын тазалап, елорданың коммуналдық қызметтеріне қоқысты шығаруға көмектесті.

Алматы. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Әскери қызметшілер "Бүкіләлемдік тазалық күні" акциясына қатысты.

Сенбілікке Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері қатысып, 250 көшет отырғызды.

Акцияға қатысушылар Нұр-Сұлтан - Қарағанды тас жолына іргелес жатқан орман алқабын тазалап, елорданың коммуналдық қызметтеріне қоқысты шығаруға көмектесті.

- Президент өз Жолдауында Қазақстанның ұлттық парктері мен табиғи байлықтарын заңнамалық тұрғыда қорғау қажеттілігі туралы айтқан болатын. Бүгінде әскери қызметшілер көшеттер отырғызып, экологияны жақсартуға, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға өз үлестерін қосты, - дейді ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының орынбасары полковник Самат Төлепбаев.

Мұндай іс-шаралар қоғамдағы экологиялық құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді, сондықтанда әскери қызметшілер осындай шараларға тұрақты негізде қатысады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны