19.10.2010, 14:28 5025

"СК-Фармация" фармацевтикалық компаниялардың арасынан 2011 жылы дәрі-дәрмек сатып алатын жеңімпазды анықтады

"СК-Фармация" ЖШС фармацевтикалық компаниялардың арасынан 2011 жылы дәрі-дәрмек және медициналық заттар сатып алатын жеңімпазды анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Самұрық-Қазына Фармацияның" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 19 - қазан. Kazakhstan Today - "СК-Фармация" ЖШС фармацевтикалық компаниялардың арасынан 2011 жылы дәрі-дәрмек және медициналық заттар сатып алатын жеңімпазды анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Самұрық-Қазына Фармацияның" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"СК-Фармация" ЖШС маркетинг және даму департаментінің директоры Арнұр Нұртаев, былтыр тендер желтоқсан айында өткізілсе, биыл сатып алу процедурасы 2 ай бұрын жүзеге асырылғандығын атап өтті. Бұл дәрі-дәрмектер мен медициналық заттарды Біртұтас дистрибьютордың қоймасына ағымдағы жылдың желтоқсан айында жеткізуге мүмкіндік береді.

"Самұрық-Қазына Фармация" ЖШС 2009 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық тұрақтылық пен бәсекелестікті өсіру мақсатында құрылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны