20.09.2011, 11:38 3445

СК-Фармация тұмауға қарсы 740 мың доза вакцина сатып алды

"СҚ-Фармация" ЖШС тұмауға қарсы вакцинаны толық көлемде сатып алған. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлаған.

Алматы. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today - СК-Фармация тұмауға қарсы 740 мың доза вакцина сатып алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "СҚ-Фармация" ЖШС тұмауға қарсы вакцинаны толық көлемде сатып алған. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлаған.

Таратылған хабарламада атап көрсетілгеніндей, бүгінгі таңда "Ваксигрип" тұмауға қарсы тиімділігі жоғары вакцинаның 740 мыңнан астам мөлшері ыңғайлы заманауи пішінде - көлемі 0,5 мл (1 мөлшері) шприцпен берілген, ол Бірыңғай дистрибьютордың қоймасында. Ағымдағы айдың аяғына дейін барлық сатылып алынған вакцина көлемі еліміздің медициналық ұйымдарына жеткізілетін болады.

"Осы жылы бізге вакцинаны өткен жылмен салыстырғанда бір ай ерте сатып алып, Бірыңғай дистрибьютордың қоймасына қоюға мүмкіндік туды. Бұл вакцинаны эпидемиологиялық маусым басталғанша алдын ала өңірлерге жеткізуге мүмкіндік береді", - дейді "СҚ-Фармация" басқарушы директоры Андрей Якунин.

Тұмауға қарсы вакцинаны сатып алудың екі кезеңдік тәртіптемесін пайдаланумен ашық тендер өткізу бір данасына 643,28 теңге бағасымен жалпы сомасы 476 млн. теңгеге сатып алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар бөлшектік нарықта оның бағасы бір данасына 1600 теңгені құрайды. "СҚ-Фармация" компаниясы сатылып алынған вакцинаның көлемін өткен жылмен салыстырғанда (2010 жылда 350 мың дана көлемінде) екі есеге арттыра алды.

Осы вакцинаның өндірушісі еуропалық Санофи Пастер компаниясы болып табылады. Ол - вакцинациялау саласында сарапшы және тұмауға қарсы вакцина нарығында көшбасшы.

Қазақстан Республикасында тұмауға қарсы вакцина егу дәстүрлі түрде қазан айынан желтоқсан айына дейін созылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны