28.07.2017, 19:44 4557

СҚО әкiмi ауылдықтардыӊ еӊбекақысын 20%-ға көтерудi тапсырды

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Айыртау және Ғ.Мүсiрепов атындағы аудандарда болды.

Петропавловск. 28 шілде. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Айыртау және Ғ.Мүсiрепов атындағы аудандарда болды.

Жоспарланбаған бағыт барысында Ғ.Мүсiрепов атындағы ауданныӊ Червонное ауылына еӊ бiрiншi ат басын тiредi. Мұнда "Червонное-Агро" агроқұрылымы картоп, қырыққабат, сарымсақ және жасыл бұрыш өсiрумен айналысады.

"Бүгiнгi күнi өӊiрiмiзде оӊтүстiк облыстардыӊ көкөнiсiне тәуелдiлiк бар. Бiздiӊ жерiмiзде барлығы жақсы өсетiндiктен, ондай тәуелдiлiктен арылуымыз керек. Көкөнiс те соныӊ iшiнде. Ол үшiн бiзде барлық резерв бар. Баға бойынша бiз өтпелiмiз, су қоры жеткiлiктi. Басты байлығымыз құнарлы топырақ. Аумағымыз үлкен болғандықтан, көкөнiстi бұлай аз өсiрмей, кемiнде екi есе көп егуге тиiспiз. Ауыл шаруашылығы кәсiпорындары, қосалқы шаруашылықтар еккеннiӊ барлығын сатып алуымыз қажет. Өндiрiлген өнiмнiӊ барлығын өткiзе алатындығын ауылдықтар бiлуi керек. Мiне сондай тетiк. Өзiмiзде экологиялық таза өнiм өндiрiлетiндiгiнадамдарға көрсетуiмiз қажет. Ирбiр ауылда бақша болуы қажет. Бiздiӊ ауылдарымыз сумен қамтамасыз етiлген, тоғандар, су қоймалары бар. Халқымыз еӊбекқор. Президентiмiз айтқандай, сатып алу жүйесi құрылуы тиiс. Адамдар ет, сүт, көкөнiс өсiруi керек. Мемлекет соған орай сатып алу және өткiзу тетiгiн жасауы керек",- деп атап көрсеттi облыс әкiмi.

Бұдан басқа, Құмар Ақсақалов фельдшерлiк амбулаторияныӊ жұмысымен және материалдық-техникалық жарақтануымен танысты.

Содан кейiн облыс әкiмi "Червонное-Агро"ЖШС-нiӊ егiн алқабын қарады. Аралау кезiнде егiн алқаптарыныӊ ауруға шалдығу жағдайын атап айтты.

"Септориоз - бiздiӊ қаупiмiз. Бiрақ оны емдеуге болады. Сол үшiн мемлекет қаражат бөледi. Мына жер көптен берi демалмағаны көрiнiп тұр. Сондықтан ол тиiстi дәрежеде астық бермейдi. Содан еӊбектiӊ төмен өнiмдiлiгi мен аз еӊбекақы туындайды. Бiзге бұлай жұмыс iстеуге болмайды. Бұл бай жер. Қыс бойы компанияныӊ жұмысын сараптайтын боламыз. Барлық минус пен плюстi көсетуге үйренуiмiз керек. Жерге бұлай қарамау қажет. Өз жұмысын дұрыс орындамайтынды жауапқа тарту керек. Мына жер гектарына 20-25 центнерден өнiм бере алатындай. Бiрақ жер тиiмсiз пайдаланылып отыр. Соған сәйкес кiрiс, еӊбек өнiмдiлiгi, рентабельдiлiк азаяды",- дедi облыс әкiмi.

Жұмыс сапарыныӊ соӊында Новоишимка ауылында аудан активiмен кездесу өттi. Аудан әкiмi Владимир Дудов бiрiншi жартыжылдықтағы ауданныӊ әлеуметтiк-экономикалық дамуы жағдайын баяндады.

"Ауыл шаруашылығы өнiмiнiӊ жалпы өнiмi 6,5% өсiммен 4,5 млрд. теӊгенi құрады және облыс бойынша үшiншi орын алады. Ауданда еӊбек өнiмдiлiгiне көп көӊiл бөлiнедi. Бiзде көп резерв бар. Соӊғы кезде ауыл шаруашылығына инвестицияныӊ өскенi байқалады. Өнiм көлемiн арттыру үшiн алқаптарды әртараптандыру жүргiзiлуде",- дедi Владимир Дудов.

Содан кейiн Ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Қайрат Омаров пен Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басшысы Сергей Яковенко баяндама жасады.

Қайрат Омаров ауданда сүт өндiру өскендiгiн атап айтты.

"Жартыжылдықта сүт өндiру 6% өсiммен 20,2 мыӊ тонна болды. Соған қарамастан өсiм резервi бар. Өткен жылдыӊ сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда өсiм 13,2%-ды құрады. Iрi қара мал саны 41,8 мыӊ. 300 шаруашылықтыӊ 56-сы ғана мал шаруашылығымен айналысады. Жер телiмдерi көп үлкен шаруашылықтар бар, бiрақ олар мал шаруашылығымен айналыспайды. Мысалы: "Атамекен Агро-Целинный" (егiс алқабы 39,9 мыӊ га), "Дружба" ЖШС (24,9 мыӊ га), "Содружество" ЖШС (22 мыӊ гектар) сияқтылар.

Қайрат Омаровтыӊ айтуынша, 300 агроқұрылымныӊ 20-сы ғана минералды тыӊайтқыш сiӊiрумен айналысуда

Сергей Яковенко ауыл шаруашылығы кәсiпорындарындағы еӊбекақыныӊ төмендiгiн алға тартты.

"Үстiмiздегi жылғы 1 шiлдеден бастап аудан бойынша жұмыспен қамтылған тұрғындар саны азайды. Ол көшi-қонға байланысты болып отыр. 188 адам кеткен. Ауыл тұрғындарыныӊ көшуiнiӊ басты себебi жекелеген кәсiпорындардағы еӊбекақы көлемiнiӊ төмендiгi. Тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша тиiмдi жұмыс жүргiзiлмейдi. Мысалы, "Дружба" ЖШС-дағы орташа еӊбекақы 34182 теӊге, ал "Краснознаменское-2" ЖШС-да 32 183 теӊге",- дедi Сергей Яковенко.

Кездесу қорытындысы бойынша өӊiр басшысы ауылдықтардыӊ еӊбекақысын 20%-ға көтерудi және жұмыспен қамту бойынша тиiмдi жұмыс жүргiзудi тапсырды.

Айыртау ауданында баратын нысан үшiн Казан ауылдық округi таӊдап алынды.

Өӊiр басшысы шаруа қожалықтарыныӊ басшыларынан пар қалай ұсталатындығын, ауыспалы егiс қалай сақталатындығын, мал шаруашылығы туралы, сол сияқты бiрiншi жартыжылдықтағы еӊбекақы жайында сұрап, бiлдi.

"Қазiр активтер өткiзiп, орташа еӊбекақы 30,35,40 мыӊ теӊгенi құрайтын басшыларды тұрғызамыз",- дедi СҚО әкiмi.

Агроқұрылым басшыларымен кездесуден кейiн, Құмар Ақсақалов "Ботай" археологиялық ескерткiшiне барды.

"Барлық жылдар iшiнде 300 мыӊ зат табылды, 160-тан астам тұрақ қазылды. Ботайды зерттегенге дейiн, қазақтар және басқа түрiк этностары түрiктiӊ саяси жүйесiмен байланысады деп келдiк. Алайда қазба жұмыстары қазақ этносы Ботайдан да көне дәуiрге жататындығын көрсетуде",- дедi жоба жетекшiсi, археология профессоры Виктор Зайберт.

"Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында қоныс аумағында ашық аспан астында мұражай ашпақпыз, қазiр бiз сол үшiн жұмыс iстеп жатырмыз",- дедi Құмар Ақсақалов.

Содан кейiн облыс әкiмi "Кирилловка-Айыртау" ЖШС-нiӊ егiстiк алқабын аралады.

"Шығымы жақсы, барлық процестер қалыпты. Мұндай технологиямен келiсемiз. Бiз қазiр алқаптарды аралап жүрмiз. Жақсы, жауапкершiлiктi шаруашылықтар да, жауапсыздары да бар. Қазiр әрбiр ауылдық округтiӊ әкiмi қалыптасқан жағдайға әсер етiп, қажеттi шараларды қолдануы керек",- дедi өӊiр басшысы.

"Бiздiӊ ЖШС-да 14 мыӊ гектар алқап бар. 10 мыӊ гектарға бидай, 2,5 мыӊына арпа, 400 гектарға рапс, 400 гектарға жасымық ектiк. Жинау науқанына әзiрленiп жатырмыз. Еӊбекақыны ай сайын төлеймiз, проблема туындамайды",- дедi ЖШС директоры Владимир Казаркин.

Аралау барысында өӊiр басшысы Шалқар көлiнiӊ жағасындағы "Ардагер" демалыс аумағыныӊ жұмысымен танысты.

"Демалыс базасыныӊ сыйымдылығы 80 орын. База негiзiнен демалыс күндерi, сенбiден жексенбiге дейiн толады. Бiр адамныӊ орны 2-ден 2,5 мыӊ теӊгеге дейiн. Базада демалатын 20 үйшiк бар. Негiзiнен демалуға Қостанай, Ақмола, Ресейдiӊ көршi облыстары мен Астанадан келедi",- дейдi "Құсайынов" ЖК директоры Азамат Құсайынов.

Өӊiр басшысы Құмар Ақсақаловтыӊ Айыртау ауданы тұрғындарымен кездесуi кезiнде аудан әкiмi Ағзам Тастемiров бiрiншi жартыжылдықтағы даму туралы баяндады.

"Есептi кезеӊде ауыл шаруашылығы өнiмiнiӊ жалпы көлемi 6,4 млрд. теӊгенi немесе 100,7 пайызды құрады. Майлы дақылдар алқабы 20 мыӊ гектарға, жасымық -13 мыӊға, жемазық алқабы 1700 гектарға көбейдi. Жыртылған жердiӊ ауыспалы егiсi 77,8 пайыз болды. 54 мыӊ гектарға минералды тыӊайтқыш сiӊiрiлдi. Сүт пен еттiӊ сатып алу бағасына байланысты биыл мал шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай жасалды. 400 басқа арналған сүт кешенi, 100 басқа арналған мал фермасы, 400 басқа арналған репродукторлы шаруашылық құру жоспарлануда. Сүт сатып алу бойынша 3 ауылдық өндiрiстiк кооператив құрылды",- дедi Ағзам Тастемiров.

Бұдан басқа кездесуде Ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Қайрат Омаров, Кәсiпкерлiк және туризм басқармасыныӊ басшысы Құралай Жарова мен Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басшысы Сергей Яковенко сөйледi.

Құралай Жарова Айыртау ауданында туризмдi дамытуды резервi туралы әӊгiмеледi

"Айыртау ауданы туризмдi датытуда зор әлеуетке ие. Шалқар көлiндегi 24 демалыс аймағыныӊ 4 жер учаскесi бос тұр. Туристердi тарту үшiн көрсейтiлуi, санитарлық жағдайы мен демалыс орындарыныӊ материалдық-техникалық базасы зор рөл атқарады. Алайда көптеген нысандар жайлы болудан заманауи талаптарға жауап бермейдi. Оларда орналасу бойынша ғана қызмет көрсетiледi, шағын инфрақұрылым, монша, душ, қосымша гигиена жағдайлары, ойын-сауық қызметтерi жоқ. "БЖК-2020" бағдарламасы жұмыс iстегеннен берi сомасы 9 млн. теӊгеге бiр ғана нысанға электр қуаты тартылды. Осы бағдарлама аясында ұӊғымаларды абаттандыруға, демалыс үйлерiне су тартуға, душ орнатуға болады ғой",- дедi Кәсiпкерлiк және туризм басқармасыныӊ басшысы.

Өз кезегiнде Құмар Ақсақалов: "Бiз бiр ғана демалыс орнын араладық, соныӊ өзi көӊiлiмiздi қалдырды. Онда бүгiн толық антисанитария орын алған. Бұл мәселе шешiлер емес. Егер кәсiпкерде заманауи талаптарға жауап беретiн даму және қызмет көрсету мүмкiндiгi болмаса, онда демалыс базасын ұстап керегi не?Басқа өӊiрлерден қонақтар келедi, оларда бiз туралы қандай пiкiр қалыптасады? Бiздiӊ жұмысымыз туризмдi дамыту үшiн барлық жағдайды жасауға бағытталған", -дедi.

Кездесудiӊ соӊында өӊiр басшысы ауыл шаруашылығында еӊбекақыны өсiрудi, жұмыспен қамтылған адамдар санын көбейтудi және туризмдi дамыту бойынша жұмысты белсендi етудi тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны