18.05.2017, 15:01 4163

СҚО әкімі Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ Солтүстік Қазақстан облыстық ХХІІ сессиясына қатысты

Өӊірлік Ассамблея жұмысыныӊ негізгі бағыттарын айта келіп, облыс әкімі бір-бірініӊ мәдениеті мен дәстүрін құрметтеу, бірілік пен ынтымақтастық сынақ кезінде ерекше көрініс табатындығына назар аударды.

Петропавловск. 17 мамыр. Kazakhstan Today - СҚО әкімі Құмар Ақсақалов: "Ассамблеяныӊ жұмысы қоғамныӊ қажеттілігінен туындап, адамдардыӊ мүддесі мен мұқтаждығына бағдарлануға тиіс".

Өӊір басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ Солтүстік Қазақстан облыстық ХХІІ сессиясында осы жайында айтты.

Өӊірлік Ассамблея жұмысыныӊ негізгі бағыттарын айта келіп, облыс әкімі бір-бірініӊ мәдениеті мен дәстүрін құрметтеу, бірілік пен ынтымақтастық сынақ кезінде ерекше көрініс табатындығына назар аударды.

"Ирбір адам, әрбір отбасы проблема мен қайғыдан сақтандырылмаған. Біреуде қайғылы жағдай орын алса, біз бәріміз келіп, қолдау көрсетеміз. Біздіӊ халқымыз бен дәстүріміз сондай. Биылғы жылдыӊ көктеміндегі су тасқыны кезінде орын алған жағдайға байланысты да соны айтуға болады. 300-ден астам үйге су. кірді. Су тасқыны басталғаннан қандай дінді ұстанатындығына, ұлтына қарамастан барлық адамдар келіп, көмек көрсеткенін көрдік. Ешқандай шақырусыз-ақ, үндемей келіп, біздіӊ халқымыз қандай екенін танытты. Біздіӊ еліміздіӊ түкпір-түкпірінен осы күнге дейін көмек келіп жатқандығын да көріп отырмыз",- деді Құмар Ақсақалов.

Өӊір басшысы Ресей Федерациясыныӊ Түмен облысынан арнайы келген делегацияға жеке ризашылығын білдірді.

Құмар Ақсақалов 25-ші мерекелік сессияда Мемлекет басшысы Ассамблеяныӊ алдына жаӊа келешекті міндеттер қойылғанына жиналғандардыӊ назарын аударды. Мысалы, Президент Ассамблеяныӊ тікелей қатысуымен жүзеге асырылатын бірқатар жобаларды айқындады.

"Қай этносқа жататындығына қарамастан, барлық қазақстандықтарға "Малая Родина" - "Туған жер" жобасы өте жақын. Солтүстік Қазақстанныӊ жері кәсіби-аграршылардыӊ тұтас тобын өсіріп шығарды. Біз олардыӊ барлығын жақсы білеміз. Ол - Серік Малаев, Геннадий Зенченко, Еркебұлан Мәмбетов, Юрий Шоль. Бұл адамдар бүгін ауыл шаруашылығын дамытып, мал шаруашылығымен айналысуда, заманауи технологияларды енгізуде, адамдарға көмектесуде, әлеуметтік сала нысандарына қамқорлық жасауда және т.б. Бұлар әр ұлттыӊ адамдары, бірақ олар бір-ақ мақсатқа - адамдарға көмектесуге және ортақ Отанымыз - Қазақстан Республикасын дамытуға біріккен",- деді Құмар Ақсақалов.

Құмар Іргебайұлы бүгін ұлт жетістігініӊ себепкері адамныӊ бәсекеге қабілеттілігі, адам капиталы екендігін атап айтты.

"Біздіӊ өӊірімізде еӊбеккор, қарапайым және жауапкершілігі мол адамдар өте көп. Аудандарды аралаған кезде сондай адамдармен кездестім. Тыныш, байсалды кейіппен, өздеріне онша назар аудартпай, Мемлекет басшысы айтқан зор міндеттерді орындап жатқан адамдар, шын мәнінде, көп",- деді облыс әкімі.

Құмар Ақсақалов экономикалық даму саласында Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ әлеуеті зор екендігін алға тартты

"Этномәдени орталықтардыӊ өкілдері өкілетті елдермен байланыс жасайды. Осы мүмкіндікті инвестиция тартуға пайдалану керек. Қазір облысымызға инвестиция қажет. Бүгін польшаныӊ, немістіӊ, түркияныӊ бизенесі жұмыс істесе жақсы болар еді. Біз сол үшін ашықпыз. Бизнес даму үшін барынша жағдай жасауға және кездесуге әзірміз",- деді өӊір басшысы.

Өӊір басшысы Ассамблеяныӊ жұмысы қоғамныӊ қажеттілігінен туындап, адамдардыӊ мүддесі мен мұқтаждығына бағдарлануға тиіс екендігін атап айтты. Құмар Ақсақаловтыӊ пікірінше, бұл жағдайда жастарға ерекше назар аудару қажет.

Сессияда "Қазақ тілі" ҚБ облыстық филиалыныӊ төрағасы Жангелді Тәжин, облыстық балалар ауруханасы неврология бөлімініӊ меӊгерушісі Ольга Шумакова, "Солтүстік Қазақстан облыстық "Лад" славян мәдениеті қоғамы" ҚБ төрағасы Александр Курленя, Түмен облысы қазақтарыныӊ ұлттық-мәдени автономиясы төрағасы Есенғали Ыбыраев сөз сөйледі.

Есенғали Ыбыраев түмендік қазақтар атынан шекаралас аумақтағы отандастарға қолдау көрсетіп отырғаны үшін облыс әкіміне алғыс білдірді.

"Облыстық әкімдіктен де, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалы тарапынан да қамқорлықты сезініп отырмыз. Түмен облысыныӊ үкіметі де өз тарапынан Петропавлдағы отандастарына қамқорлық жасауда. Қазақстан алдына қойған міндетіне қарай қадам басып бара жатқанын көріп отырмыз. Біз ресейлік қазақтар ұлт көшбасшысын мақтан тұтамыз және тарихи отанымыздыӊ болашағына алаӊдамаймыз",- деді Есенғали Ыбыраев.

Республикалық "Қазақстан кәрістерініӊ қауымдастығы" ҚБ облыстық филиалыныӊ төрағасы Евгений Хан да өз ойымен бөлісті..

"Қазақ халқыныӊ арқасында ғана тірі қалдық, олар өздері бай болмаса да бізбен тамағымен, жылуымен , киім-кешегімен бөлісті деп әрдайым айтып жүреміз. Сондықтан бізбен санасатын, Қазақстанныӊ дамуына үлес қосып жүрген толық диаспораныӊ біріміз. Біз қазақстандықпыз деп мақтанышпен айта ламыз",- деді Евгений Хан.

Шара барысында "Мәмбетов және К" КС-ніӊ механизаторы Ардақ Сағитов, Қызылжар аудандық "Арарат" армян мәдени орталығыныӊ жетекшісі Лариса Агаджанян, "Серпін" бағдарламасымен оқып жатқан Солтүстік Қазақстан кәсіби- педагогикалық колледжініӊ студенті Саида Бекбуди өз ойларын ортаға салды.

Сессияныӊ соӊында марапаттау рәсімі болды. Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтауға, халықтардыӊ бірлігі мен достығын нығайтуға қосқан үлесі үшін этномәдени орталықтар мен мәдениет пен білім саласы қызметкерлерініӊ 7 өкілін облыс әкімі Құрмет грамотасымен, 11 адамды Алғыс хатпен марапаттады. Бұдан басқа өӊір басшысы .этномәдени бірлестіктердіӊ 25 басшысына грант табыс етті.

Аталмыш шара мерекелік концерт бағдарламасымен жалғасты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны