05.06.2017, 13:11 2883

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов: "Береке" Петропавлдыӊ еӊ әдемi шағынаудандарыныӊ бiрi болуға тиiс"

"Облыстыӊ жергiлiктi бюджетiне 14 млрд. 833 млн теӊге өзiндiк кiрiс түстi немесе 119%. Асыра орындау - 2 млрд. 372 млн. теӊгенi құрады. Жоспардағы облыс бюджетi 6 млрд. 399 млн. теӊгеге орындалды немесе 142,1%. Аудандық және қалалық бюджеттерге 8 млрд. 434 млн. теӊге қаражат түстi немесе 106,0%", - дедi Ескен Икiмжанов.

Петропавловск. 5 маусым. Kazakhstan Today - Аппараттық кеӊес барысында өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов облыс орталығын абаттандыруға байланысты осындай тапсырма бердi. Кеӊес кезiнде бұдан басқа 2017 жылдыӊ 5 айындағы бюджеттiӊ кiрiс және шығыс бөлiктерiнiӊ орындалуы және еӊбекақы бойынша қарыздарды өтеу мәселелерi талқыланды.

Облыстық қаржы басқармасыныӊ басшысы Ескен Икiмжанов үстiмiздегi жылдыӊ 5 айыныӊ қорытындысы жайында баяндады.

"Облыстыӊ жергiлiктi бюджетiне 14 млрд. 833 млн теӊге өзiндiк кiрiс түстi немесе 119%. Асыра орындау - 2 млрд. 372 млн. теӊгенi құрады. Жоспардағы облыс бюджетi 6 млрд. 399 млн. теӊгеге орындалды немесе 142,1%. Аудандық және қалалық бюджеттерге 8 млрд. 434 млн. теӊге қаражат түстi немесе 106,0%", - дедi Ескен Икiмжанов.

Баяндаманы тыӊдай келе, облыс әкiмi өткен жылдары көрсеткiштердiӊ өсiмi еӊбекақы мен салық салу көлемдерiнiӊ көбеюi есебiнен байқалса, биыл жақсы көрсеткiштерге дұрыс әкiмшiлiк жасау арқылы қол жеткiзу қажеттiгiн атап айтты.

"Асыра орындау - алдағы уақытта жұмыс iстейтiн бiздiӊ қомақты қорымыз. Үш апта бұрын ауқымды тендерлердi жеӊiп алатын құрылысшылар сияқты iрi компаниялардыӊ жұмысын талқыладық. Олардыӊ мардымсыз салық төлейтiндiгiне көз жеткiздiк. Соған орай мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiӊ, басқармалардыӊ басшыларына оларды шақырып сөйлесуге және мониторинг жүргiзуге арнайы тапсырма берген болатынмын. Өйткенi салық төлемейтiндер назардан тыс қалмауға тиiс", - дедi Құмар Iргебайұлы.

Өӊiр басшысы өсiмге кедергi келтiретiн барлық факторларды бiр айдыӊ iшiнде жоюды артта қалғандық байқалатын аудандардыӊ әкiмдерiне тапсырды.

2017 жылдыӊ 1 маусымындағы мәлiмет бойынша бюджеттiӊ шығыс бөлiгiнiӊ орындалуы 99,2% болды.

"Нақтыланған жоспар бойынша 70 млрд. 162 млн.теӊге қаражат жұмсалды. Жүргiзiлген шығыстардыӊ қалдығы 563 млн. теӊгенi құрады", - дедi қаржы басқармасыныӊ басшысы.

Сонымен бiрге республикалық бюджеттен бөлiнген мақсатты трансферттер мен кредиттердiӊ 167 млн. теӊгесi игерiлмей, орындалу - 99,2 пайыз болды.

"Бюджеттiӊ шығыс бөлiгiнiӊ осы дейгейде болуын қалыпты жағдай деп есептеймiз. Алайда бұл мәселенi жақсы әкiмшiлiк және барлық процестердi басқару есебiнен шешуге болатын едi. Дегенмен өткен жылдыӊ 5 айыныӊ қорытындысы бойынша миллиардтаған қаржы игерiлмегенiн есепке алсақ, орындалмаған iске айта қаларлықтай объективтi себептер жоқ. Бiрiншi жартыжылдықтыӊ қорытындысы бойынша, бұл маӊызды мәселелердiӊ бiрi болады", - дедi Құмар Ақсақалов.

Екiншi мәселе бойынша Мемлекеттiк еӊбек инспекциясы басқармасыныӊ басшысы Қайрат Пiшенбаев ақпарат бердi.

"Еӊбекақы бойынша 7 кәсiпорынныӊ 798 қызметкерi алдындағы жалпы қарызы 95,3 млн. теӊгенi құрайды. Уәлиханов, Жамбыл, Қызылжар аудандары жалақы қарызыныӊ өсiмiне жол бердi, Ал Ғ. Мүсiрепов атындағы және Тайынша аудандарында бұл көрсеткiш азайды. Аққайыӊ, Ақжар, Айыртау, Мамлют, Тимирязев, Шал ақын, М. Жұмабаев аудандары мен Петропавл қаласы әкiмдiктерiнiӊ мәлiметi бойынша еӊбекақы бойынша қарыздары жоқ", - дедi Қайрат Сәкенұлы.

Ақпаратты тыӊдай келе, өӊiр басшысы қарызға жол берген кәсiпорындардыӊ басшыларымен әлеуметтiк әрiптестiк бойынша үшжақты клмиссияныӊ отырысын өткiзудi тиiстi әкiмдерге тапсырды.

"Еӊбекақы бойынша қарыз өсiмiне бiз ешқашан да жол бермеуiмiз керек. Болмаған жағдайда сот арқылы шешiлуi тиiс, барлығы әкiмшiлiкке байланысты. Бiрiншi жартыжылдықтыӊ қорытындысы бойынша соныӊ барлығына жеке-жеке сараптама жасалатын болады", - дедi Құмар Ақсақалов.

Кеӊесте облыс орталығын абаттандыру жөнiнде Петропавл қаласыныӊ әкiмi Марат Тасмағанбетов айтып бердi.

"Қаланы санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша үшайлық аясында облыс орталығында жоспарлы жұмыс жүргiзiлуде, оныӊ iшiнде эстетикалық көрiнiске сәйкес келмейтiн әртүрлi бөгеттер мен қоршаулар алынуда. Қала орталығы мен басты көшелердегi алынып тасталатын бөгеттер мен қоршаулардыӊ негiзгi бөлiгi анықталды. Жабық қоршау иелерi мүлдем бас тартқан жағдайда, оларға торлы полимерлi жабылғы түрiндегi заманауи еуроқоршаулармен ауыстырудыӊ баламалы түрлерi ұсынылады", - дедi Марат Тасмағанбетов.

Өз кезегiнде өӊiр басшысы қаланы абаттандыру тек қана сәнсiз қоршауларды алып тастау ғана емес, ол облыс орталығын көгалдандыру, көше жолдарын, бақтарды, Қазақстан Конституциясы көшесiн, аулаларды қылпына келтiру екендiгiн атап айтты

"Бүгiнгi күнi бiзде "Қызыл белдеулерге", яғни коммуникациялар өтетiн аумақтарға iс жүзiнде ғана емес, моралдық жағынан да ескiрген дүӊгiршiктер мен сауда нүктелерi салынған. Бүгiнгi күнi олар қаланыӊ бет-бейнесiн бұзып тұр, эстеттикалық талаптарға да жауап бермейдi. Ашық түрде сауда жасайтын базарлар көп. "Қызыл белдеуде" тұрған нысандардыӊ иелерiмен жұмыс iстеудi қала әкiмiне жүктеймiн, бақылаусыз сауда орындары алынып тасталады. Алдын ала ескертемiн - сауда алаӊдарын әзiрлеӊдер. Талаптарға жауап беретiн сауда орталықтарыныӊ құрылысы үшiн, орын бөлуге қала әкiмдiгi әзiр", - дедi Құмар Ақсақалов.

Облыс әкiмi "Береке" шағынауданын абаттандыру жағдайына ерекше назар аударды.

"Өте жақсы аудан болып келе жатыр. Онда құрылыс қарқынды жүргiзiлуде, алайда оны көрсейту бойынша шешiмiн күткен мәселелер өте көп. Бiз шағынауданныӊ аулаларын жаяу аралып шықтық. Толығымен антисанитарлық жағдай орын алған. Құрылыс қарқынды, ал аумағы адам көргiсiз. Абаттандыру үшiн жақсы жоспар керек. "Береке" қаланыӊ еӊ көрiктi шағынаудандарыныӊ бiрi болуға тиiстi", - дедi өӊiр басшысы.

Өз кезегiнде қала әкiмi Марат Тасмағанбетов "Береке" шағынауданында жанға жайлы логистиканы қамтамасыз ету үшiн, бюджетте жаӊа жолдар салу қарастырылғанын тiлге тиек еттi.

Талқылау барысында облыс әкiмi қаланыӊ сапар карточкасы ретiнде Вокзал алаӊын көрiктендiрудi жақсарту қажеттiгiне назар аударды.

"Көптеген нысандар бойынша жұртшылықты, жастарды қатыстыра отырып, ұжымдық шешiм қабылдау керек. Бiз жастармен кездестiк, оларда қызғылықты сәулеткерлiк шешiмдер мен жобалар жетерлiк. Соныӊ барлығын бiрлесе талқылаған орынды. Бiр кабинетте отырып алып қана шешiм қабылдаудан аулақ болғанымыз жөн. Қаланыӊ жекелеген мәселелерi тыӊғылықты қоғамдық талқылаулардыӊ болмағанынан қордаланғанын көрiп отырмыз", - дедi Құмар Ақсақалов.

Бұдан басқа, өӊiр басшысы облыс орталығындағы тоқтап тұрған кәсiпорындар базасында индустриялы аумақ құру жөнiнде мәселенi қарастыруды Марат Тасмағанбетовке тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны