07.06.2017, 13:14 2616

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов құқықбұзушылықтыӊ алдын алу жөнiндегi комиссияныӊ отырысын өткiздi

Кеӊес барысында балаларды жыныстық қол сұғуға қарсы қылмыстан тиiмдi қорғау тетiктерiн әзiрлеу бойынша бiлiм беру мекемелерiнiӊ әлеуметтiк-психологиялық қызметiнiӊ iс-әрекетi, сол сияқты құқықбұзушылықтыӊ алдын алуға арналған Тайынша және Ақжар аудандарыныӊ жергiлiктi атқарушы органдары қабылдаған шаралар туралы мәселелер қаралды.

Петропавловск. 7 маусым. Kazakhstan Today - СҚО әкiмдiкте өӊiр басшысы Құмар Ақсақаловтыӊ төрағалығымен құқықбұзушылықтыӊ алдын алу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияныӊ отырысы өттi.

Кеӊес барысында балаларды жыныстық қол сұғуға қарсы қылмыстан тиiмдi қорғау тетiктерiн әзiрлеу бойынша бiлiм беру мекемелерiнiӊ әлеуметтiк-психологиялық қызметiнiӊ iс-әрекетi, сол сияқты құқықбұзушылықтыӊ алдын алуға арналған Тайынша және Ақжар аудандарыныӊ жергiлiктi атқарушы органдары қабылдаған шаралар туралы мәселелер қаралды.

Бiрiншi мәселе бойынша Бiлiм басқармасы басшысыныӊ орынбасары Күлпаш Қалғожина айтып бердi. Оныӊ сөзiне қарағанда, 2016-2017 оқу жылында жалпы бiлiм беретiн мектептерде 433 психолог және 412 әлеуметтiк педагог жұмыс iстедi.

"Өмiрдiӊ қиын жағдайында балалар мен жасөспiрiмдерге кешендi көмек көрсету үшiн бiлiм беру мекемелерiнде Илеуметтiк-психологиялық қызметтер құрылды. Өткен оқу жылында - 243 қызмет. Олардыӊ мамандары өмiрге қауiп төндiретiн жағдайда балаларда қызмет стратегиясын қалыптастыруға бағытталған түсiндiру жұмыстары, қауiпсiз тәртiп дағдысын қалыптастыру бойынша тренингтер өткiздi. Кәмелетке жасы толмағандарға қарсы жыныстық қылмыс тәуекелiн азайту үшiн бiлiм ұйымдары басшыларыныӊ, жергiлiктi полиция қызметкерлерiнiӊ және жергiлiктi атқарушы органдары өкiлдерiнiӊ, сол сияқты ата-аналардыӊ қатысуымен балалардыӊ мектепке және одан үйге қайтатын жолдары бойынша тұрақты рейдтер ұйымдастырылды.

Ақпаратты тыӊдай келе, өӊiр басшысы жеке тәуекел топтарын қалыптастыру арқылы кәмелетке жасы толмағандарға байланысты жасалатын құқықбұзушылыққа егжей-тегжейлi сараптама жасау қажеттiгiн атап айтты.

Құқықбұзушылықтыӊ алдын алу бойынша Тайынша ауданындағы жергiлiктi атқарушы органдардыӊ қолданып жатқан шаралары туралы жиналғандарға селекторлық режимде аудан әкiмiныӊ мiндетiн атқарушы Николай Трифонов айтып бердi.

"Үстiмiздегi жылдыӊ 4 айындағы қылмыстық жағдайға жасалған сараптама өткен жылдыӊ сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда Тайынша ауданыныӊ аумағында 199-дан 162 қылмысқа дейiн азайғанын көрсеттi. Аудан аумағын қашықтықтан электронды құралдармен қамтуды қамтамасыз ету және оларды iшкi iстер бөлiмiмен жедел басқару орталығы жүйесiн интеграциялау мақсатында Тайынша аудандық iшкi iстер бөлiмiндегi бейнетiркеуге қосылған 21 бейнебақылау камерасы жұмыс iстейдi", - дедi Николай Трифонов.

Ақжар ауданында осы бағытта қалыптасқан жағдай туралы аудан басшысы Серiкбай Тұралинов баяндады.

"Ауданныӊ құқық қорғау және атқарушы органдары жұртшылықпен және тұрғындармен бiрге үйлестiрiлген қызмет арқылы тұрақты түрде алдын алу шараларын өткiзедi. 2017 жылдыӊ өткен кезеӊiнде Ақжар ауданыныӊ аумағында қылмыстар саны 94-тен 83-ке дейiн азайғаны байқалады. Талау, бопсалау, бұзақылық фактiлерiне жол берiлген жоқ. Ұрлықтыӊ барлық түрiнiӊ азайғаны байқалады", - дедi Серiкбай Шәрiпұлы.

Тайынша мен Ақжар аудандарыныӊ өкiлдерiн тыӊдай келе, өӊiр басшысы құқықбұзушылықтыӊ алдын алу шараларын күшейтудi, сол сияқты жаз уақытында балалардыӊ барынша барынша жұмысбастылығын қамтамасыз етудi тапсырды.

"Ешқайда кетпейтiн балалар шаралармен қамтылуға тиiс. Бәрiнен бұрын спортпен. Оларды барынша жұмысбасты ету керек. Жаз уақытында облыс бойынша бұқаралық спорт жарыстарын өткiзу жайында ұсыныс жасаӊдар. Iс жүзiнде екi ауданда құқықбұзушылық азайғанын көрiп отырмыз. Алайда жасалған қылмыстар, құқық бұзушылықтар, яғни жұмыс үшiн әлеует бар екенiн көрсетедi", - деп атап көрсеттi Құмар Ақсақалов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны