27.03.2017, 17:50 4269

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов пен ҚР Iшкi iстер вице министрi Юрий Ильин көктемгi су тасқынына байланысты дайындықты тексердi

ҚР Iшкі iстер вице министрi Юрий Ильин Солтүстiк Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында өӊiр басшысы Құмар Ақсақаловпен бiрге облыс аумағында су тасқыны болуы мүмкiн мекендердi әуеден бақылады.

Петропавловск. 27 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Iшкі iстер вице министрi Юрий Ильин Солтүстiк Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында өӊiр басшысы Құмар Ақсақаловпен бiрге облыс аумағында су тасқыны болуы мүмкiн мекендердi әуеден бақылады. Есiл өзенiнiӊ арнасын, сондай-ақ Тайынша, Аққайыӊ, Есiл, Қызылжар, Шал ақын аудандарындағы су басу қаупi бар елдi-мекендердi тiкұшақпен аралады. .

Иуеден бақылау өткен жылы көктемгi апаттан зардап шеккен Тайынша ауданынан басталды. Алдында көктемгi су тасқыны болған Тайынша қаласы мен ауылдар әуеден бақыланып, қалыптасқан жағдайға және жергiлiктi атқарушы органдардыӊ азаматтарды қорғау мәселесi бойынша төтенше жағдайлардыӊ алдын алу жұмысына баға берiлдi.

"Су басу қаупi бар аймақта 95 елдi мекен орналасқан. Еӊ алдымен мыӊнан астам түрлi техника әзiрленiп, инерттi матриалдар дайындалды, су өткiзгiш құрылыстар тазаланды, қар шығару жұмыстары күндiз-түнi жүргiзiлiп жатыр", - дедi әуеден бақылау барысында Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов.

Мамандардыӊ айтуынша, Үлкен Тараӊғұл көлi өткен жылғыдай қауiп төндiредi. Су қоймасындағы ерiген су ауылдарды басып, темiр және автокөлiк жолдарын шаяды деген болжам бар. Бұл мәселенi гидротехникалық құрылыс салу арқылы шешу жоспарланған.

"Икiмдiктен еӊ алдымен гидротехникалық құрылыстыӊ жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға қаражат бөлiндi. Қазiрде суды сифондық жолмен ағызу жұмысы жүргiзiлiп жатыр, ол Таранғұл көлiндегi су мөлшерiн азайтуға мүмкiндiк бередi. Сондай-ақ, Кеӊес Одағы кезiнде Петропавлға апаратын республикалық тас жолды су шайып кетпеуi үшiн салынған каналды тазарту қажет", -дедi Юрий Ильин.

Шал ақын ауданыныӊ Сергеев қаласында Iшкi iстер вице министрi мен өӊiр басшысы су торабында болды. Көктемгi су тасқынына қарсы дайындық туралы Шал ақын ауданыныӊ әкiмi Ербол Сағдиев баяндады. Сондай-ақ, Құмар Ақсақалов пен Юрий Ильин көктемгi мезгiлде ауданда төтенше жағдай пайда болу барысында жедел әрекет жасау жасағыныӊ дайындығын тексердi.

Бағдар бойынша ұшқан экипаж Есiл өзенiнiӊ арнасын бақылады. Петропавлға келген соӊ, Юрий Ильин мен Құмар Iргебайұлы Былғары зауыты, Заречный кенттерiндегi бөгеттi тексердi, сондай-ақ Петропавл қаласыныӊ су торабыныӊ жұмысымен танысты.

Петропавлдыӊ көктемгi су тасқынына дайындығы жайында қала әкiмi Марат Тасмағанбетов хабарлады. Оныӊ айтуынша, Былғары зауыты кентiнде 883 метр қорғаушы бөгет жөнделдi, бұл ауылдыӊ 1802 тұрғынын қорғауға мүмкiндiк бердi.

Қорытындылай келе, Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов дайындық жұмыстарын уақытылы жасау қажеттiгiн атап өттi.

"2016 жыл мен өткен жылдардыӊ су тасқындарыныӊ талдауын жасадық. СҚО аумағындағы 95 елдi мекенде су тасқыны қаупi бар. Сондықтан бiз еӊ алдымен дайындалу жұмыстарын жүргiзiп жатырмыз. Бiр мыӊнан аса арнайы техника дайындалуда, олар тиiстi құрал-жабдықтармен қамтамасыз етiлген. Бұл жұмыс атқарушы билiк органдары тарапынан жасалып жатыр. Су баратын жолдарды ашып жатырмыз, сондықтан халықпен тиiстi жұмыстар жүргiзiлуде. Бұл еӊ бiрiншiден, түсiндiру, ақпараттандыру жұмыстары", - дедi Құмар Ақсақалов БАҚ өкiлдерiне берген сұхбатында.

Өз кезегiнде ҚР Iшкi iстер министрiнiӊ орынбасары су қоймаларыныӊ қоры қар түрiнде жиналған су ресурстарын қабылдауға мүмкiндiк беретiнiн атап өттi.

"Өткен жылы республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатқа қосымша бөгеттер түрiндегi гидротехникалық құрылыстар салынып, инфрақұрылым қалпына келтiрiлдi. Осы жыл еӊ алдымен Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ, республиканық бюджетiне аз шығын келтiретiнiне үмiттенемiз. Жағдай шиеленiссе, IIМ-де құрылған әлеуеттi топтар Солтүстiк Қазақстан облысына көмек көрсету үшiн жiберiлетiн болады. Басты мақсат - халықты уақтылы ақпараттандыру және қауiптi аймақтардан алдын-ала көшiру", - дедi вице министр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны