Система Orphus

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Петропавлда төтенше жағдай режимiн жариялады

25.04.2017, 21:39 389

Петропавловск. 25 сәуір. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов Былғары зауыты кентiнiӊ тұрғындарымен кездестi. Өткен түнi ондағы 105 үйге су кiрген болатын. Өӊiр басшысы қалыптасқан жағдаймен тiкелей танысты.

"Су тасқынын ұстап тұруға мүмкiндiк болмады. Оған жиналған мол су әсер еттi. Сыйымдылығы 693 млн. текше метр болатын Сергеев су қоймасына биыл жиналған судыӊ көлемi 1 млрд. 133 млн. текше метрдi құрады, яғни оған Есiл өзенi арқылы құйылған су 164 пайыз болды. Одан басқа, қыста екi есе көп қар жауды, оныӊ үстiне Ақмола облысынан мол су келдi. Қажеттi барлық шараларды қолданудыӊ арқасында Шал ақын мен Есiл аудандарында жағдайды тұрақтандыруға мүмкiндiк туды. Үш күннiӊ iшiнде Есiл өзенiнiӊ арнасындағы су 1 метр 70 сантиметрге көтерiлдi. Көтерiлген су деӊгейiнiӊ биiктiгi соншалық, Былғары зауыты ауданындағы жаӊа бөгеттен 10 сантиметрге асып кеттi, сондықтан оны биiктете түсу керек. Бiз ескi бөгеттi де көтерiп жатырмыз. Оныӊ жалпы ұзындығы 1 шақырым 700 метр. Өзен арнасында орналасқан тұрғын үйлердi толығымен тасқын судан қорғау үшiн бөгеттiӊ ұзындығын 4 шақырымға дейiн ұзарту қажет. Бүгiнгi қолда бары-1 шақырым 700 метр ғана",-дедi Құмар Ақсақалов.

Өӊiр басшысы қазiргi басты мiндет-кент тұрғындарын қауiпсiз жерге көшiру екендiгiн атап айтты.

"Жаӊа ғана барлығын аралап, қалыптасқан жағдайды өз көзiммен көрдiм, тұрғындармен әӊгiмелестiм. Бiзде мүлiктердi артып, қауiпсiз орынға тасымалдайтын қайық та, техника да, адам күшi де жеткiлiктi. Қауiпсiздiк шараларыныӊ барлығы қарастырылған. Алайда кейбiр адамдардыӊ көшкiсi келмейтiн жекелеген оқиғалар бар",-дедi облыс әкiмi.

Кент тұрғыны Наталья Чорба журналистерге берген сұхбатында үндеухат тарату, БАҚ-тардағы ескерпе-жарияланым, радиомашинаныӊ көше бойы жүрiп хабарландыруы сияқты ақпараттар дер кезiнде берiлгенiн айтты.

"Үйiмiзге келiп, ақпараттандырды, мүлкiмiздi жазып алды. Қауiпсiз жерге барудан көптеген адамдардыӊ бас тартқанын бiлемiн. Олар су келмейтiн шығар деп ойлады. Кеше кешке учаскелiк инспектор үйлердi аралады. Адамдардыӊ қауiпсiз қосынға бармаймыз деп жатқанын өз көзiммен көрдiм. Бiз әзiр тұрғамыз, еӊ бағалы заттарымызды өзiмiзбен алып кетуге тырыстық. Мен белсендi тұрғындардыӊ бiрiмiн, сондықтан басқаларға көмек көрсету ниетiмен түнi бойы кезекшiлiк атқарып шықтым",-дейдi Наталья Чорба.

Облыс әкiмi су тасқыныныӊ шарықтау шегi әлi аяқталмағанын, су әлi де келетiндiгiн атап айтты.

"Петропавл қаласында төтенше жағдай режимi жарияланатын болады. Осындай режим Ғ.Мүсiрепов атындағы ауданда да болғанын сiздер бiлесiздер. Қалада штаб жұмыс iстейдi. Шұғыл шешiм қабылдау үшiн бiз бүгiн төтенше жағдай режимiн жариялаймыз. Мұндай ТЖ режимi адамдарға көмектесу мақсатында жекелеген мәселелердi барынша шұғыл қаржылық жағынан шешуiмiзге мүмкiндiк бередi",- дедi Құмар Ақсақалов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

тақырып бойынша жаңалықтар

Комментарии

Ең көп оқылғаны