06.06.2017, 13:13 2393

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Рузаевка ауылыныӊ тұрғындарына: "Жағдай толық қалпына келгенше көмектесетiн боламыз" дедi

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Рузаевка ауылыныӊ тұрғындарына: "Жағдай толық қалпына келгенше көмектесетiн боламыз" дедi

Петропавловск. 6 маусым. Kazakhstan Today - Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданға жұмыс сапары кезiнде Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов "Азко-Пески" ЖШС алқабындағы пармен жұмыс iстеу барысымен танысты. Өӊiр басшысы осы жерде ауданныӊ агроқұрылымдарыныӊ басшыларымен кездестi.

Серiктестiк директоры Айдар Жанұзақовтыӊ айтуы бойынша, биыл 7727 гектар алқапқа дақылдар себiлдi.

"Биыл көктемгi науқанды технологиялық мерзiмде атқардық. Дер кезiнде сеуiп шықтық. Қазiр парларды өӊдеп жатырмыз. Бiздiӊ егiстiк алқабымыздыӊ 20%-ы парға қалдырылған, ол шамамен 1,5 мыӊ гектардай. Пар - болашақ астықтыӊ кепiлi. Мұнда 2 кешен жұмыс iстеуде", - дейдi Айдар Жанұзақов.

Өз кезегiнде аудан әкiмi Владимир Дудов ауыспалы егiс, сол сияқты биылғы себу науқаны жайлы айтып бердi. Мысалы, ауданда 4-5-6 танапты ауыспалы егiске басымдық берiлген, ондағы пардыӊ үлесi 10-25%-ды және тұқымауыстырғыш ауыспалы егiстi құрайды.

"Майлы дақылдар туралы айтатын болсақ, өткен жылы 60200 гектарға сепкемiз, биыл оныӊ алқабын 67700 гектарға дейiн ұлғайттық. Ал дәндi дақылдардан қарақұмық алқабын көбейттiк, бұршақ алқабы үш есе өстi, жасымық пен нут көлемi артты. Тұқым ауыстыру бойынша суперэлита көлемi көбейдi. Бiз элиталық тұқым себу көлемiн өсiрiп отырмыз, бiрiншi шығымдылықты тұқым көлемi азайғанмен, оныӊ орнына екiншi шығымдылықты тұқымдар еселендi. Биыл жаппай репродукиялауды нөлге жеткiзудiӊ сәтi түстi. Үстiмiздегi жылы 8300 тонна минералды тыӊайтқышқа келiсiм жасауды аяқтадық. Химикаттармен қамтамасыз етiлудi айтатын болсақ, таяу уақытта егiстiк алқаптарды өӊдеуге кiрiсемiз, оған техникамыз сақадай сай", - дедi Владимир Дудов.

Агроқұрылым басшыларымен әӊгiмелескен Құмар Ақсақалов топырақты өӊдеу кезiнде технологияларды сақтау, кәсiби бiлiктiлiктi жетiлдiру, еӊбек өнiмдiлiгi мен қызметкерлердiӊ еӊбекақысын арттыру қажеттiгiне назар аударды. Бұдан басқа, өӊiр басшысы фирма басшыларымен алдағы уақытта ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту мәселесiн талқылады.

"Техника сатып алуға облыстан көп қаражат жұмсалады. Бiз техникаларды қомақты қаржыға сатып аламыз, өз мүмкiндiгiмiз бола тұрса да, ақшамыз шетелдерге, басқа мемлекеттерге кетедi. Бiздiӊ мiндетiмiз - сiздердiӊ арзан және сапалы техникаларды сатып алуларыӊызға жағдай жасау. Қандай комбайндар, қандай тракторлар шығаратынымызды бiр жүйеге келтiруiмiз керек. Қандай компаниялармен жұмыс iстейтiнiмiздi, қандай техникалар жинайтынымызды анықтап алғанымыз жөн", - дедi Құмар Ақсақалов.

Облыс әкiмi мал шаруашылығын дамыту кажеттiгiне де тоқталды.

"Бiзде жұмыссыз отырған адамдар өте көп. Мал шаруашылығымен айналысу керек. Бүгiн бiздiӊ зор әлеуетiмiз бар. Сүт өндiрiсi жақсы жолға қойылса - пайдалы. Оған сұраныс мол, сүт жетiспейдi. Қазiр себу науқаны аяқталды, мал шаруашылығымен айналысыӊыздар", - дедi Құмар Ақсақалов.

Ауыл шаруашылығыныӊ маӊызды салаларыныӊ бiрiн дамыту туралы әӊгiме Возвышен ауылдық округiнде жалғасты. Өӊiр басшысы онда мал шаруашылығымен айналысатын компаниялардыӊ басшыларымен кездестi. Кездесу кезiнде "Возвышенка СК" ЖШС-нiӊ директоры Ибдiрақым Нұқаев өз тәжiрибесiмен бөлiстi. Серiктестiк егiн егумен және мал шаруашылығымен айналысады. "Абердин-ангус" тұқымды қара малдыӊ саны 1285-ке жеткен. Шаруашылықтағы қызметкерлердiӊ орташа айлық еӊбекақысы 4 айдыӊ қорытындысы бойынша - 108 мыӊ теӊге.

" Барлық дақылдарды дұрыс орналастырған жағдайда - ауыл шаруашылығы пайдалы болуға тиiс. Сiздердiӊ бай адам болғандарыӊызға бiз мүдделiмiз. Бұл - мемлекеттiӊ саясаты. Жұмыс iстейтiн, байлықты жасайтын адамдардыӊ жағдайы ойластырылған. Дақылдармен жұмыс iстеп, шығымдылықты арттыру қажет. Жер мемлекеттiкi, сiздерге жердi пайдалану құқығы берiлген. Бұл құқық дұрыс пайдаланылмаса, мемлекет жер неге дұрыс пайдаланылмай жатыр деп сұрауға құқылы. Өйткенi одан халық зардап шегедi, дұрыс жалақы ала алмайды, мемлекетке салық аз түседi. Барлық үрдiстердi дұрыс басқару үшiн, әлеует сiздердiӊ басшылықтарыӊызда Мемлекет жақсы болуларыӊыз үшiн барлық мүмкiндiктi жасауда - демеуқаржыландырады және тағы басқалары", - дедi Құмар Iргебайұлы.

Бұдан басқа, облыс әкiмi әлеуметтiк жауапкершiлiктi арттыру қажеттiгiне бизнес өкiлдерiнiӊ назарын аударды. Атап айтқанда, ауылдарды абаттандыруды дамытуға, бiрiншi кезекте, жастардыӊ көӊiл көтеруi үшiн жағдай жасауға.

Сапар барысында өӊiр басшысы Рузаевка ауылына соғып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездестi. Аудан әкiмi Владимир Дудов келтiрiлген шығынға қарамастан 119 отбасыға 96 мыӊ теӊгеден берiлгенiн айтты.

"Көмекке келген тұрмыстық техниканы депутаттар корпусы бөлдi. Көпбалалы отбасыларға бiрiншi кезекте тұрмыстық техника берiлдi. Туындаған басқа мәселелердi жергiлiктi жерде қарастырып, шешiп жатырмыз", - дедi аудан басшысы.

Жекелеген тұрғындарда қажеттi құжаттар болмағанына қарамастан, барлық төлемдер еӊ қысқа мерзiмде берiлген. Бұзылған 10 үйдiӊ иелерiне баспана сатып әперiлiптi

"Бiз әлi әртүрлi жағдаймен көмектесетiн боламыз. Ақша мен үй алғандарыӊыз - жұмыстыӊ аяқталғанын бiлдiрмейдi. Тұтастай алғанда облыста әлi жағдай толық тұрақталғанша, бұл жұмысты жалғастыратын боламыз. Кеше осы жағдайды Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша елiмiздiӊ Үкiметiнде қарады. Себебiн iздедi. Бiз де себебiн бiлемiз - 1,5-2 есе көп қар жауды, қар ерiп үлгермедi, оныӊ үстiне Сергеев су қоймасына нормадан 1,5 есе көп су келдi, Осы жағдайлар орын алмас үшiн, Сергеев су қоймасына мөлшерден көп су келмес үшiн, Ақмола облысында тағы бiр су қоймасын салу жөнiнде ұсыныс жасадық. Қазiр Президенттiӊ тапсырмасы бойынша бұл мәселе қаралып, шешiледi деп ойлаймыз. Петропавлдағы Былғары зауыты аумағында ұзындығы 2,5 шақырымдай бөгет тұрғызатын боламыз. Онда да адамдармен жұмысты жалғастырамыз. Олардыӊ көп бөлiгiне өтемақы берiлдi, бiрақ ол жұмыстыӊ аяқталғанын бiлдiрмейдi. Сiздер бәрi тұрақталды дегендерiӊiзше, бiз дамыл таппайтын боламыз", - дедi өӊiр басшысы.

Мол су келгеннен кейiн баспаналы болғандардыӊ iшiнде Василий Михайлович пен Любовь Афанасьевна Соколовтардыӊ отбасы да бар.

"Басшыларға көрсеткен көмектерi үшiн алғыс айтамыз. Басымыз баспаналы болды, оны жайластырып, өмiр сүрудi жалғастыратын үйiмiз бар. Бәрi жақсы. Үш бөлмелi пәтер мүлдем тар емес. Бұрынғымыз да сондай едi. Бiз өте ризамыз", - дедi БАҚ өкiлдерiне сұқбат берген Любовь Соколова.

Рузаевка ауылында үйлерi шамалы зардап шеккен тұрғындарға жөндеу жұмыстарын жүргiзу үшiн, материалдық көмек көрсетiлгенiн атап айту қажет.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны