26.04.2017, 21:44 2831

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов: "Шығын өтелетін болады"

"Бүгiн комиссия жұмысқа кiрiстi, ол барлығын да есепке алады. Барлығы өтелетiн болады. Болашақта өзен арнасын толықтай жабуымыз қажет. Жобалаушыларды шақырып та қойдық. Бөгеттi жуып кетпес үшiн, бетондайтын боламыз. Бөгеттiӊ ұзындығы ұзартылатын болады",- дедi өӊiр басшысы.

Петропавловск. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов Былғары зауыты кентiнде су басқан аумақты байқап, жергiлiктi тұрғындармен кездестi. Тұрғындар мүлiктердiӊ өтемақысы мәселесiне қызығушылық бiлдiрдi.

"Бүгiн комиссия жұмысқа кiрiстi, ол барлығын да есепке алады. Барлығы өтелетiн болады. Болашақта өзен арнасын толықтай жабуымыз қажет. Жобалаушыларды шақырып та қойдық. Бөгеттi жуып кетпес үшiн, бетондайтын боламыз. Бөгеттiӊ ұзындығы ұзартылатын болады",- дедi өӊiр басшысы.

БАҚ өкiлдерiне берген сұхбатында Құмар Ақсақалов өзен арнасына мол су Сергеев су қоймасынан келгенiн атап айтты.

"Бөгеттер нығайтылды, суды барынша ұстап тұру үшiн, үйiндi биiктетiлдi. Бүгiн-ертеӊ су осындай қарқынмен келмейтiн болады. Оны судыӊ деӊгейiнен байқап отырмыз. Судыӊ деӊгейi көтерiлуiн тоқтатқаннан кейiн, елдi мекенге су кiрген жердi бекiтiп, оныӊ суын бар күшпен сора бастаймыз. Оған барлық техникалар жұмылдырылады. Облыстыӊ барлық жерiнен қосымша техникалар әкелiнедi",- дедi өӊiр басшысы.

Былғары зауыты ауданында 115 тұрғын үйге су кiргенiн, 380 адам қауiпсiз жерге көшiрiлгенiн, 150 адам өздерi эвакуацияланғанын атап айтқан жөн. Қауiпсiздiк шарасына қарамастан 470 адам көшуден бас тартқан, оныӊ 30-ы су кiрген үйлерде қалған.

"Алдыӊғыкүнi су 64, кеше 34 сантиметрге көтерiлдi, бүгiн бұл көрсеткiш 15-20 сантиметр ғана болады деп үмiттенiп отырмыз. Судыӊ көлемi өте үлкен, ауқымды. Қазiр бөгет құрылысын қалай жалғастырып, аяқтауды ойластыруымыз керек. Су тасқыныныӊ алдын алу мақсатында 60 елдi мекенде 100 шақырымнан астам жер жұмыстары жүргiзiлдi, олар: бөгеттер, жолдар және су ағызатын жыралар. Атқарылған жұмыстардыӊ арқасында 60 елдi мекенде жағдай тұрақты болды",- дедi Құмар Ақсақалов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны