22.04.2017, 21:25 2777

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов су тасқыныныӊ зардаптарын жоюға қатысты

Өӊiр басшысымен бiрге су тасқыныныӊ зардаптарын жоюға және ауылды тазартуға облыстық мәслихаттыӊ депутаттары, "Нұр Отан" партиясыныӊ өкiлдерi, жастар ұйымдарыныӊ белсендiлерi, сол сияқты Новоишимка ауылыныӊ тұрғындары қатысты.

Петропавловск. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов сенбiлiкке қатысу үшiн Ғ.Мүсiрепов атындағы ауданныӊ Рузаевка ауылына барды.

Өӊiр басшысымен бiрге су тасқыныныӊ зардаптарын жоюға және ауылды тазартуға облыстық мәслихаттыӊ депутаттары, "Нұр Отан" партиясыныӊ өкiлдерi, жастар ұйымдарыныӊ белсендiлерi, сол сияқты Новоишимка ауылыныӊ тұрғындары қатысты.

Облыс әкiмi табиғи апаттан зардап шеккен әрбiр үйде болып, үй иелерiмен әӊгiмелестi, жергiлiктi тұрғындармен бiрге ғимараттарды аршуға көмектестi. Рузаевка аулыныӊ тұрғындарымен әӊгiмелесу кезiнде көшпелi сенбiлiк рузаевтықтарды қолдау үшiн ұйымдастырылғанын тiлге тиек еттi.

"Қуанышта да, қайғылы бiр оқиға орын алса да бiз бiр-бiрiмiзге көмек көрсетемiз. Бiрлiгiмiздiӊ арқасында ғана барлық мәселенi әрдайым шеше аламыз. Арнайы құрылған комиссия өз жұмысын аяқтады. Сейсенбi күнi бiз толық мәлiмет алдық. Өткен жолы адамдармен кездескен кезде уәде бергенiмiздей, бiр айдыӊ iшiнде барлық қажеттi көмектi көрсетемiз",- дедi Құмар Ақсақалов.

Сол сияқты өӊiр басшысы ағымдағы жағдай туралы да хабардар еттi.

"Тұтастай алғанда облыс бойынша жағдай тұрақты. Сергеев су қоймасындағы су деӊгейiнiӊ төмендеп келе жатқанын байқап отырмыз. Шал ақын мен Есiл аудандарында су тасқыны елдi мекендерге қауiп төндiрмейдi. Мол су бүгiн Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласына келедi деп күтудемiз. Ол үшiн барлық қажеттi шаралар атқарылды. Бiз кез келген сценарийге әзiрмiз",- дедi облыс әкiмi.

Зейнеткер Анна Симоненко Рузаевка ауылында 50 жылдан астам уақыттан берi тұрады. Оныӊ сөзiне қарағанда, мұндай су тасқыны бұрын-соӊды болып көрген емес.

"Осы көшенiӊ еӊ үлкенi менмiн. Балаларым Ресейде тұрып жатқанмен, өзiм кетейiн деп отырған жоқпын. Менiӊ Отаным осы, өмiр бойы осында тұрып келемiн, бiздiӊ адамдарымыз жақсы, ынтымақты. Барлығы көмекке келдi. Мен осылай болады деп ойлаған да жоқпын. Алла тағала ғұмыр берсе, әлi тұрамын. Осы қолдауларына алғыстан басқа айтарым жоқ. Өзiм ештеӊе iстей алмас едiм",- дейдi Анна Ивановна.

Одан кейiн облыс әкiмi дәрiгерлiк амбулаторийде болып, дәрi-дәрмектермен қамтамасыз етiлу жағдайына назар аударды және мол судан мүлiктерi зардап шеккен тұрғындардыӊ көӊiл-күйлерi мен хал-жағдайларына мұқият болу керектiгiн атап айтты.

"Аз-мұз жарақаттар болды - аяғына шеге кiргiзген, ендi бiрi суыққа тоӊып қалған, бәрiн де бiрден дер кезiнде шештiк. Қазiр торығу синдромы, кейбiреудiӊ жүрегi ауырады. Дәрi-дәрмек бiзде бар, компьютерлер мен аспаптардыӊ бәрi жұмыс iстейдi",- дейдi ОАА Рузаев бөлiмшесiнiӊ меӊгерушiсi Виталий Чичкань.

Ауылға гуманитарлық көмекпен машиналар үзiлiссiз келiп жатқандығын атап өткен жөн. Осы жолы облыстық мәслихаттыӊ депутаттары тұрмыстық техника, азық-түлiк, құрылыс материалдарын, киiмдер мен кеӊселiк тауарлар әкелдi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны